iPhone камераңызбен Apple Vision Pro үшін кеңістіктік фотолар және кеңістіктік видеолар түсіру
iPhone құрылғыңызбен кеңістіктік фотолар мен кеңістіктік видеолар түсіріңіз, одан кейін естеліктерді «Фотолар» қолданбасында Apple Vision Pro құрылғысымен үш өлшемді көріністе қайта бастан кешіріңіз.
Ескертпе: Кеңістіктік фотоларды барлық iPhone 16 үлгісінде (iOS 18 немесе одан кейінгі) жәнең iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max (iOS 18.1 немесе одан кейінгі) құрылғысында түсіруіңізге болады. Кеңістіктік видеоларды барлық iPhone 16 үлгісінде, iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max (iOS 18 немесе одан кейінгі) құрылғыларында жазуыңызға болады.
Кеңістікті фотолар мен видеолар түсіру
Кеңістіктік фотоларды және кеңістіктік видоларды барлық iPhone 16 үлгісінде (iOS 18 немесе одан кейінгі) жәнең iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max (iOS 18.1 немесе одан кейінгі) құрылғысында түсіру және жазу үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
«Камера» қолданбасын
ашыңыз.
«Кеңістіктік» режимін таңдаңыз, одан кейін iPhone құрылғыңызды альбом бағдарына бұрыңыз.
Кеңістіктік фотолар түсіру және кеңістіктік видеолар жазу үшін
немесе
түймесін түртіңіз.
Ең жақсы нәтижелер үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
iPhone құрылғыңызды тұрақты және тегіс ұстаңыз.
Нысандарды камерадан 1-2,5 метр қашықтықта орналастырыңыз.
Біркелкі және жарқын жарықтандыруды пайдаланыңыз.
Фото түсіру немесе видео жазуды бастау үшін «Ысырма» түймесін немесе «Жазу» түймесін түртіңіз.
Кеңістіктік видео немесе видео түсіргеннен кейін оны «Фотолар» қолданбасында Apple Vision Pro құрылғыңызда үш өлшемде қарай аласыз. Сондай-ақ кеңістікті фотолар мен видеоларды дәл басқа Apple құрылғыларыңыздағы кәдімгі фотолар мен видеолар сияқты көруіңізге және бөлісуіңізге болады. Кеңістіктік фотолар және видеолар бірдей Apple аккаунтына кірген және iCloud фотолар опциясы қосылған барлық құрылғыларыңызда синхрондалады.
iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max үлгілерінде кеңістіктік видео жазу
Кеңістіктік видеоларды iPhone 15 Pro and iPhone 15 Pro Max (iOS 18 немесе одан кейінгі) құрылғыларымен жазу үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
iPhone 15 Pro немесе iPhone 15 Pro Max құрылғыңызда «Камера» қолданбасын
ашыңыз.
Видео режимін таңдаңыз, одан кейін iPhone құрылғыңызды альбом бағдарына бұрыңыз.
түймесін түртіңіз, одан кейін жазуды бастау үшін «Жазу» түймесін түртіңіз немесе дыбыс деңгейі түймесінің біреуін басыңыз.
Үздік нәтижелер үшін жазып жатқанда келесі әрекеттерді орындаңыз:
iPhone құрылғыңызды тұрақты және тегіс ұстаңыз.
Нысандарды камерадан 1-2,5 метр қашықтықта орналастырыңыз.
Біркелкі және жарқын жарықтандыруды пайдаланыңыз.
Жазуды тоқтату үшін «Жазу» түймесін немесе дыбыс деңгейі түймесінің біреуін басыңыз.
Кеңістіктік видео жазуды өшіру үшін
түймесін түртіңіз.
Ескертпе: Кеңістіктік видеолар SDR форматында 1080p ажыратымдылығындағы 30 кадр/с жиілігімен түсіріледі. Кеңістіктік видеоның бір минуты шамамен 130 МБ (қалыпты 1080p 30 кадр/сек. видеоның бір минуты шамамен 65 МБ).