iOS 18
iPhone құрылғысында сапар фотоларыңызды табу
«Фотолар» қолданбасында фотолардағы геолокация деректері негізінде топтамаларға топталған сапарларыңыздан фотолар мен видеоларды жылдам табуыңызға болады.

iPhone құрылғыңызда «Фотолар» қолданбасына
өтіңіз.
Төмен қарай «Сапарлар» тармағына жылжып барыңыз, одан кейін көргіңіз келетін сапар топтамасын түртіңіз.
Бұрынғы сапардан саяхат фотоларын табу үшін «Кеңестер» түймесін түртіңіз, одан кейін шолу үшін жылды таңдаңыз.