iPhone құрылғысында кіріс қоңырауына жауап беру немесе қабылдамау
Кіріс қоңырауына жауап беруіңізге, дыбысын өшіруіңізге немесе оны қабылдамауыңызға болады. Қоңырауды қабылдамасаңыз, ол дауыстық поштаға өтеді. Мәтінмен жауап беруіңізге немесе қоңырауға оралу үшін өзіңізге ескертуіңізге болады.
Қоңырауға жауап беру
Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
түймесін түртіңіз.
iPhone құлыптаулы болса, слайдерді сүйреңіз.
Кеңес: Siri көмекшісіне кіріс қоңырауларын хабарлата аласыз, қоңырауларды дауысыңызбен қабылдауыңызға немесе қабылдамауыңызға болады.
Қоңырау дыбысын өшіру
Қоңырау келіп жатқанда бүйірлік түймені немесе дыбыс деңгейі түймесінің біреуін басыңыз.
Дыбысы өшірілген қоңырауға ол дауыстық поштаға өткенше әлі де жауап бере аласыз.
Қоңырауды қабылдамай, оны тікелей дауыстық поштаға жіберу
Кіріс қоңырауы үшін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Бүйірлік түймені екі рет жылдам басыңыз.
түймесін түртіңіз.
Қоңырау баннерінде жоғары сырғытыңыз.
Қосымша опциялар үшін қоңырау баннерінде төмен сырғытуыңызға да болады.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
«Есіме салу» түймесін түртіңіз, одан кейін қоңырауға оралу туралы еске салғыш алғыңыз келетін уақытты таңдаңыз.
«Хабар» түймесін түртіңіз, одан кейін әдепкі жауапты таңдаңыз немесе «Арнаулы» түймесін түртіңіз.
Өзіңіздің жеке жауаптарыңызды жасау үшін «Реттеулер»
> «Қолданбалар» > «Телефон» > «Мәтіндік хабармен жауап беру» тармағына өтіңіз, «Жауап беру:» опциясының төменіндегі кез келген өрісті түртіңіз, одан кейін өзіңіздің жеке жауабыңызды теріңіз.
Ескертпе: Кейбір елдерде немесе аймақтарда қабылданбаған қоңыраулар дауыстық поштаға жіберілместен ажыратылады.