iPad құрылғысындағы Safari қолданбасында пішіндерді автоматты түрде толтыру
Safari қолданбасында несие картасының ақпаратын және контакт ақпаратын автоматты түрде толтыру үшін «Авто толтыру» параметрін пайдаланыңыз.
Маңызды: «Қауіпті» ескертуі бар сайттарда ешқашан құпиясөзіңізді немесе несие картаңыздың нөмірін енгізбеңіз. Safari браузерімен шолу кезінде «Қауіпті» ескертуін көрсеңіз атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз:
«Авто толтыру» параметрін баптау
Онлайн пішіндерді толтыруды және сатып алуды жылдамдату үшін жеке ақпаратыңызды немесе несие картаңыздың нөмірін iPad құрылғыңызда сақтауыңызға болады.
«Реттеулер»
> «Safari» > «Авто толтыру» тармағына өтіңіз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Контакт ақпаратын баптау: «Контакт туралы ақпарат» параметрін қосыңыз, «Менің ақпаратым» түймесін түртіңіз, одан кейін контакт картаңызды таңдаңыз. Safari браузеріндегі веб-беттерде «Авто толтыру» түймесін түрткенде, сол картадан контакт ақпараты енгізіледі.
Несие картасының ақпаратын баптау: «Несиелік карталар» параметрін қосыңыз, «Сақталған несиелік карталар» түймесін, одан кейін «Несиелік карта қосу» түймесін түртіңіз. Несие картаңыздың ақпаратын берілген өрістерге енгізіңіз немесе ақпаратты терусіз енгізу үшін Камераны пайдалану түймесін түртіңіз.
Контакт ақпаратыңызды автоматты түрде толтыру
Жеке ақпаратыңызды онлайн пішіндерге «Авто толтыру» мүмкіндігін пайдаланып жылдам қоса аласыз.
iPad құрылғыңызда Safari қолданбасын
ашыңыз.
«Авто толтыру» мүмкіндігін қолдайтын пішінде бос өрісті түртіңіз.
Пернетақтаның жоғарғы жағындағы «Контактіні авто толтыру» түймесін түртіңіз, одан кейін контактіні таңдаңыз.
Өзгертулер жасау үшін кез келген өрісті түртіңіз.
Пішінді жіберу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ескертпе: Контакт тізіміңізден басқа адамның ақпаратын енгізу үшін «Авто толтыру» мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Мысалы, сыйлық сатып алып жатсаңыз және оны досыңызға жіберетін болсаңыз, олардың мекенжайын енгізу үшін «Авто толтыру» мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. «Контактіні авто толтыру» түймесін түртіңіз, «Басқа контакт» түймесін түртіңіз, одан кейін контакт картасын таңдаңыз.
Несие картаңыздың немесе Apple Cash ақпаратын автоматты түрде толтыру
Несие картасын немесе Apple Cash картасын қосқаннан кейін картаңыздың нөмірін толық енгізбестен онлайн сатып алу үшін «Авто толтыру» мүмкіндігін пайдалануыңызға болады.
Ескертпе: iPadOS 17.4 немесе одан кейінгі жүйеде Apple Cash картасын қолданбаларда немесе интернетте Apple Pay әлі қабылданбайтын жерлерде қолдана аласыз. iPad құрылғысында Apple Cash қызметін баптау және пайдалану бөлімін қараңыз.
iPad құрылғыңызда Safari қолданбасын
ашыңыз.
Веб-сайттағы пішінде несиелік карта ақпараты өрісін түртіңіз.
Пайдаланғыңыз келетін сақталған картаны түртіңіз немесе несиелік картаның алдыңғы жағын суретке түсіру үшін «Картаны сканерлеу» түймесін түртіңіз.
Кеңес: Жаңа картаны енгізгеннен кейін оны Safari автотолтыру тізіміне сақтауыңызға, одан кейін оны Apple Pay қызметіне қосуыңызға болады. Несиелік немесе дебеттік картасын қосу бөлімін қараңыз.
Сіз төлем кезінде виртуалды карта нөмірлерін пайдалана аласыз және нақты несие картаңыздың нөмірін құпия сақтай аласыз. iPad құрылғысындағы Apple Pay қызметін баптау бөлімін қараңыз. Виртуалды карта нөмірін орнатқаннан кейін картаны төлем кезінде қолдану үшін оны пернетақтаның үстіндегі белгішесімен түртіңіз.
Мықты құпиясөздерді автоматты түрде толтыру
Веб-сайттар мен қолданбаларда қызметтерге тіркелген кезіңізде, iPad құрылғыңызға аккаунттарыңыздың көбі үшін мықты құпиясөздер жасауға және сақтауға рұқсат етуіңізге болады. Мықты құпиясөздерді автоматты түрде толтыру бөлімін қараңыз.
«Авто толтыру» параметрін өшіру
Контактіңіздің немесе несие картаңыздың ақпараты мен құпиясөздер үшін «Авто толтыру» параметрін өшіруіңізге болады. Бұл контакт немесе несие картаңыздың ақпараты қолжетімді болғанын қаламайтын жағдайларда пайдалы болады—мысалы, құрылғыны басқалармен бөліскен жағдайда.
Контактіңіздің немесе несие картаңыздың ақпараты үшін «Авто толтыру» параметрін өшіріңіз: «Реттеулер»
> «Safari» > «Авто толтыру» тармағына өтіңіз, одан кейін екі опцияның біреуін өшіріңіз.
Құпиясөздер үшін «Авто толтыру» параметрін өшіріңіз: «Реттеулер»
> «Құпиясөздер» тармағына өтіңіз, «Құпиясөз опциялары» түймесін түртіңіз, одан кейін «Құпиясөздер мен кіру кілттерін авто толтыру» реттеуін өшіріңіз.