iPad құрылғысында Әмбебап қол жеткізу пәрменімен мүмкіндіктерді жылдам ашу
Әмбебап қол жеткізу пәрменіне мүмкіндіктер қосқан кезде, жай ғана физикалық түймені үш рет басуыңызға және қажетті мүмкіндікті жылдам ашу үшін түртуіңізге болады.
Әмбебап қол жеткізу пәрменіне мүмкіндіктер қосу
«Реттеулер»
> «Әмбебап қол жеткізу» > «Әмбебап қол жеткізу пәрмені» тармағына өтіңіз, одан кейін ең көп пайдаланатын мүмкіндіктеріңізді таңдау үшін түртіңіз.
Ескертпе: Басқарылмалы қолданыс немесе Қосыма қол жеткізу—сияқты кейбір мүмкіндіктерді Әмбебап қол жеткізу пәрменіне қосу үшін алдымен оларды қосуыңыз керек.
Олар пайда болатын ретті өзгерту үшін мүмкіндікті жоғары немесе төмен жылжыту үшін
түймесін сүйреңіз.
Әмбебап қол жеткізу пәрменін ашу
Келесі түймелердің біреуін үш рет басыңыз:
«Басты бет» түймесі («Басты бет» түймесі бар iPad құрылғысында)
Жоғарғы түйме (басқа iPad үлгілерінде)
Қосу немесе өшіру керек мүмкіндікті түртіңіз.
Екі рет басу немесе үш рет басу жылдамдығын жайлату үшін Жоғарғы немесе «Басты бет» түймесі үшін реттеулерді өзгерту бөлімін қараңыз.
«Қосымша қол жеткізу» режимі қосулы кезде Әмбебап қол жеткізу пәрменін ашу мүмкін емес. Оны «Басқарылмалы қолданыс» мүмкіндігі қосулы кезде ашу үшін «Басқарылмалы қолданыс» мүмкіндігін баптаған кезде алдымен Әмбебап қол жеткізу пәрменін қосуыңыз керек.
Сондай-ақ, Әмбебап қол жеткізу пәрменін Басқару орталығына қосуыңызға, одан кейін пәрмендеріңізге физикалық түймені үш рет басудың орнына экранда сырғыту арқылы қол жеткізуіңізге болады. («Лупа», «Мәтін өлшемі», «Басқарылмалы қолданыс» және «Есту» параметрлерін тікелей Басқару орталығына қосуға болады.)
Кеңес: Көптеген әмбебап қол жеткізу мүмкіндіктерін Siri көмекшісімен қосуға және өшіруге болады. Siri көмекшісін пайдалану жолын үйреніңіз.