iPad құрылғысында көптеген күнтізбелер баптау
«Күнтізбе» қолданбасында оқиғалардың әртүрлі түрлерін бақылау үшін көптеген күнтізбелер орната аласыз. Бір күнтізбеде барлық шараларыңыз бен кездесулеріңізді бақылап отыра аласыз, бірақ қосымша күнтізбелер оңай орнатылады және ұйымдасқан күйде болудың керемет жолы болып табылады.

Күнтізбені баптау
Жоғарғы сол жақтағы
түймесін түртіңіз, одан кейін экранның төменгі жағындағы «Күнтізбе қосу» түймесін түртіңіз.
Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
iCloud күнтізбесін жасау: «Күнтізбе қосу» түймесін түртіңіз, күнтізбенің атауын енгізіңіз, одан кейін оның түсін таңдаңыз.
Сыртқы, тек оқуға арналған күнтізбеге жазылу: «Жазылым күнтізбесін қосу» түймесін түртіңіз, жазылғыңыз келетін .ics файлының URL мекенжайын (және барлық басқа қажетті сервер ақпаратын) енгізіңіз, одан кейін «Жазылу» түймесін түртіңіз.
Мереке күнтізбесін қосу: «Мерекелер күнтізбесін қосу» түймесін түртіңіз, жазылғыңыз келетін мереке күнтізбесін түртіңіз, одан кейін «Қосу» түймесін түртіңіз.
iPad құрылғысындағы «Мерекелер» күнтізбесін пайдалану бөлімін қараңыз.
Күнтізбеге сілтемені түрту арқылы iCalendar (.ics) күнтізбесіне жазылуыңызға да болады.
Күнтізбе жазылымынан бас тарту
Өзіңіз жазылған күнтізбенің жазылымынан бас тартуыңызға болады. Жазылымнан бас тартқанда, күнтізбені қалаусыз ретінде хабарлауыңызға да болады.
Сол жақтағы
түймесін түртіңіз, жойғыңыз келетін күнтізбенің жанындағы
түймесін түртіңіз.
«Жазылымнан бас тарту» түймесін түртіңіз, одан кейін «Жазылымнан бас тарту» немесе «Жазылымнан бас тарту және спам туралы хабарлау» түймесін түртіңіз.
Ескертпе: «Жазылымнан бас тарту және спам туралы хабарлау» түймесін түрткен кезіңізде, күнтізбе Apple корпорациясына болжамды түрде қалаусыз жазылым ретінде хабарланады.
Бірнеше күнтізбені бірден көру
Көптеген күнтізбелерді қарау үшін түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Қарау қажет күнтізбелерді таңдаңыз.
Оқиғаларыңызбен ұлттық мерекелерді қосу үшін «АҚШ мерекелері» тармағын түртіңіз.
«Контактілер» тізімінен туған күндерді оқиғалармен қосу үшін «Туған күндер» тармағын түртіңіз.
Күнтізбенің шара ескертулерін қосу
Жасаған немесе жазылған күнтізбелеріңіз үшін шара хабарландыруларын қосуыңызға болады.
Жоғарғы сол жақтағы
түймесін түртіңіз.
Күнтізбенің жанындағы
түймесін түртіңіз.
«Оқиға туралы ескертулер» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.
«Дайын» түймесін түртіңіз.
Күнтізбенің түсін өзгерту
Жоғарғы сол жақтағы
түймесін түртіңіз.
Күнтізбенің жанындағы
түймесін түртіңіз, одан кейін түсті таңдаңыз.
«Дайын» түймесін түртіңіз.
Google сияқты кейбір күнтізбе аккаунттары үшін түс сервер арқылы орнатылады.
iCloud, Google, Exchange немесе Yahoo күнтізбе аккаунттарын баптау
«Реттеулер»
> «Күнтізбе» > «Аккаунттар» > «Аккаунт қосу» тармағына өтіңіз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Пошта қызметін (мысалы, iCloud, Microsoft Exchange немесе Google) түртіңіз, одан кейін кіріңіз.
«Басқа» түймесін түртіңіз, «CalDAV аккаунтын қосу» немесе «Жазылымдық күнтізбені қосу» түймесін түртіңіз, одан кейін серверіңіз бен аккаунтыңыздың ақпаратын енгізіңіз.
CalDAV аккаунтын қосу
«Реттеулер»
> «Күнтізбе» > «Аккаунттар» > «Аккаунт қосу» > «Басқа» тармағына өтіңіз.
«CalDAV аккаунтын қосу» түймесін түртіңіз.
Серверіңіз бен аккаунтыңыздың ақпаратын енгізіңіз.
Оқиғаны басқа күнтізбеге жылжыту
Оқиғаны түртіңіз, «Күнтізбе» түймесін түртіңіз, одан кейін оқиғаны жылжыту үшін күнтізбені таңдаңыз.