Құжаттарды iPad камерасымен сканерлеу
Қолдау көрсетілген iPad үлгілерінде «Камера» қолданбасын ашыңыз, iPad құрылғысы камера кадрындағы құжаттарды автоматты түрде анықтап, сканерлей алады. Камераны пайдаланып құжатты сканерлегеннен кейін, оны iPad құрылғыңыздағы «Файлдар» қолданбасына сақтауыңызға болады немесе оны AirDrop арқылы немесе «Пошта» немесе «Хабарлар» сияқты қолданбаны пайдаланып бөлісуіңізге болады.
iPad құрылғыңызда «Камера»
қолданбасын ашыңыз және оның «Фото» режимінде екенін тексеріңіз.
iPad құрылғысын құжат экранда пайда болатындай етіп орналастырыңыз, одан кейін «Құжатты сканерлеу» түймесін түртіңіз; iPad беттерді автоматты түрде түсіреді.
Автоматты түрдегінің орнына сканды қолмен түсіру үшін «Қолмен» түймесін түртіңіз, одан кейін «Ысырма» түймесін түртіңіз.
Кеңес: Қолдау көрсетілген үлгілерде көлеңкелерді кетіру және түстерді жақсарту үшін жарқылды
қосыңыз.
Қосымша беттерді сканерлеу үшін жоғарыдағы қадамды қайталаңыз.
Сканды кесу, бұру немесе оның түсін реттеу үшін экранның төменгі жағындағы нобайларды түртіңіз.
«Сақтау» түймесін түртіңіз, одан кейін келесі опциялардың біреуін таңдаңыз:
Сканды «Файлдар» қолданбасында сақтау: «Дайын» түймесін, «Файлдарға сақтау» түймесін, одан кейін «Сақтау» түймесін түртіңіз.
Сканды AirDrop, «Пошта», «Хабарлар» немесе басқа қолданбаны пайдаланып бөлісу:
түймесін түртіңіз, одан кейін бөлісу әдісін түртіңіз.
Сканерленген құжатты жою: «Дайын» түймесін, одан кейін «Жою» түймесін түртіңіз.
Барлық iPad үлгілері «Ескертпелер» қолданбасында құжатты сканерлеуді қолдайды. Құжатты сканерлеу бөлімін қараңыз.