iPad құрылғысындағы FaceTime қолданбасында қалаусыз қоңырау шалушыларды блоктау
FaceTime қоңырауларын және топтық FaceTime қоңырауларын қалаусыз қоңырау шалушылардан блоктауыңызға және белгісіз қоңырау шалушылардан қоңыраулардың дыбысын өшіруіңізге болады.
Қалаусыз қоңырау шалушылардан келген жеке FaceTime қоңырауларын блоктау
Қалаусыз FaceTime қоңырауын алған кезде қоңырау шалушыны блоктауыңызға болады (iPadOS 17.4 немесе одан кейінгі).
Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
FaceTime қоңырауы тарихыңызда немесе FaceTime қоңырауы кезінде: Блоктағыңыз келетін қоңыраудың жанындағы
түймесін түртіңіз, одан кейін «Абонентті блоктау» түймесін түртіңіз.
FaceTime қоңырау тарихыңызда немесе iPhone құрылғыңыздағы «Телефон» қолданбасында «Соңғылар» тізіміңізде: Блоктағыңыз келетін қоңырауда солға сырғытыңыз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
«Блоктау» түймесін түртіңіз.
Контактіні блоктан шығару үшін қоңырау тарихыңызда контактінің атының, телефон нөмірінің немесе электрондық пошта мекенжайының жанындағы түймесін түртіңіз, төмен жылжыңыз, одан кейін «Абонентті блоктан шығару» түймесін түртіңіз.
Белгісіз абоненттің қоңырауын аяқтағаннан кейін, үстіңгі жағында «Қоңырау аяқталды» деген экранды көрсеңіз, сол абоненттен одан әрі байланысты болдырмау үшін «Абонентті блоктау» түймесін түртуіңізге немесе абонентті контактілеріңізге қосу үшін «Контакт жасау» түймесін түртуіңізге болады. «Абонентті блоктау» реттеуін таңдасаңыз, қоңырауды спам ретінде хабарлауыңызға да болады.
Белгісіз қоңырау шалушылардан келген топтық FaceTime қоңырауларын блоктау
Белгісіз қоңырау шалушылармен қалаусыз топтық FaceTime қоңырауын алған кезіңізде келесі әрекеттердің біреуін орындау арқылы барлық қатысушыны блоктауыңызға болады (iPadOS 17.5 немесе одан кейінгі):
Қоңырау шырылдап жатқанда: Терезені жаю үшін хабарландырудың сол жағын түртіңіз, экранның жоғарғы жағындағы
түймесін түртіңіз, одан кейін «Барлық қатысушыны блоктау» түймесін түртіңіз.
Топтық FaceTime қоңырауы кезінде: Экранның төменгі жағындағы
түймесін түртіңіз, одан кейін «Барлық қатысушыны блоктау» түймесін түртіңіз.
Топтық FaceTime қоңырауы аяқталғаннан кейін: FaceTime қоңырау тарихыңызға өтіңіз. Қоңырауда солға сырғытыңыз,
түймесін түртіңіз, одан кейін «Барлық қатысушыны блоктау» түймесін түртіңіз.
Топтық FaceTime қоңырауында контактілер тізіміңізде бар біреу болса, барлық қатысушыны блоктау опциясы қолжетімді болмайды.
Белгісіз абоненттерден келген FaceTime қоңырауларының дыбысын өшіру
«Реттеулер» > «FaceTime» > «Белгісіз қоңырау дыбысын өшіру» тармағына өтіңіз, одан кейін «Белгісіз қоңырау дыбысын өшіру» опциясын қосыңыз.
Бұл реттеу FaceTime қоңырауларын тек сақталған контактілерден, сіз бұрын қоңырау шалған адамдардан және Siri ұсынған адамдардан ғана алуыңызды қамтамасыз етеді. Белгісіз нөмірлерден қоңыраулар дауыстық поштаға өтеді және «Соңғылар» тізімінде көрсетіледі.