iPad құрылғыңызды сақтық көшірмелеу
iPad құрылғысын iCloud қызметін немесе компьютеріңізді пайдаланып сақтық көшірмелеуіңізге болады. Өзіңізге қолайлы әдіс бойынша шешім қабылдау үшін iPhone, iPad және iPod touch құрылғыларының сақтық көшірмелері туралы бөлімін қараңыз.
Кеңес: iPad құрылғыңызды ауыстырсаңыз, оның сақтық көшірмесін ақпаратты жаңа құрылғыға тасымалдау үшін пайдалана аласыз. Барлық мазмұнды iPad құрылғысына сақтық көшірмеден қалпына келтіру бөлімін қараңыз.
iPad құрылғысын iCloud қызметін пайдаланып сақтық көшірмелеу
«Реттеулер»
> [атыңыз] > «iCloud» > «iCloud сақтық көшірмесі» тармағына өтіңіз.
«iCloud сақтық көшірмесі» параметрін қосыңыз.
iCloud қызметі iPad құрылғыңыз қуат көзіне қосылғанда, құлыпталғанда және Wi-Fi желісіне қосылғанда iPad құрылғыңызды автоматты түрде күнде сақтық көшірмелейді.
Ескертпе: 5G функциясын қолдайтын Wi-Fi + Cellular үлгілерінде операторыңыз сізге iPad құрылғыңызды ұялы желіңізді пайдаланып сақтық көшірмелеу опциясын беруі мүмкін. «Реттеулер» > [атыңыз] > «iCloud» > «iCloud сақтық көшірмесі» тармағына өтіңіз, одан кейін «Ұялы байланыс арқылы сақтық көшірме жасау» реттеуін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Қолмен сақтық көшірме жасау үшін «Сақтық көшірмені қазір жасау» түймесін түртіңіз.
iCloud сақтық көшірмелеріңізді қарау үшін «Реттеулер» > [атыңыз] > «iCloud» > «Аккаунттың сақтау орнын басқару» > «Сақтық көшірмелер» тармағына өтіңіз. Қолданып отырған құрылғыңыздың сақтық көшірмесін жою үшін тізімнен сақтық көшірмені таңдаңыз, одан кейін «Өшіру және iCloud бұлттық сервисінен жою» түймесін түртіңіз. Бірдей Apple ID қолданатын басқа құрылғыңыздың сақтық көшірмесін жою үшін «Жою» түймесін түртіңіз.
Ескертпе: iCloud сервисімен синхрондау функциясын пайдалану үшін қолданбаны немесе мүмкіндікті қоссаңыз («Реттеулер» > [атыңыз] > «iCloud > «Барлығын көрсету» тармағында), оның ақпараты iCloud қызметінде сақталады. Ақпарат барлық құрылғыларыңызда автоматты түрде жаңартылып тұратындықтан, ол iCloud сақтық көшірмеңізге қосылмайды. iCloud нені сақтық көшірмелейді? атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
iPad құрылғысын Mac компьютеріңізді пайдаланып сақтық көшірмелеу
Mac компьютеріңіздегі Finder бүйірлік жолағында iPad құрылғыңызды таңдаңыз.
iPad құрылғыңызды сақтық көшірмелеу мақсатында Finder қолданбасын пайдалану үшін macOS 10.15 немесе одан кейінгі жүйе керек. macOS жүйесінің бұрынғы нұсқаларында iTunes қолданбасын iPad құрылғыңызды сақтық көшірмелеу үшін пайдаланыңыз.
Finder терезесінің жоғарғы жағында «Жалпы» түймесін басыңыз.
«iPad құрылғыңыздағы деректердің барлығын осы Mac компьютеріне сақтық көшірмелеу» параметрін таңдаңыз.
Сақтық көшірме деректеріңізді шифрлау және оларды құпиясөзбен қорғау үшін «Жергілікті сақтық көшірмені шифрлау» параметрін таңдаңыз.
«Сақтық көшірмені қазір жасау» түймесін басыңыз.
Ескертпе: Wi-Fi арқылы синхрондау мүмкіндігін орнатқан жағдайда, iPad құрылғысын компьютеріңізге сымсыз қосуыңызға да болады.
iPad құрылғыңызды Windows компьютеріңізді пайдаланып сақтық көшірмелеу
Компьютеріңіздегі iTunes қолданбасында iTunes терезесінің жоғарғы сол жағына жақын «iPad» түймесін басыңыз.
«Жинақтама» түймесін басыңыз.
«Сақтық көшірмені қазір жасау» түймесін («Сақтық көшірмелер» тізімінің төменгі жағында) басыңыз.
Сақтық көшірмелеріңізді шифрлау үшін «Жергілікті сақтық көшірмені шифрлау» параметрін таңдаңыз, құпиясөзді теріңіз, одан кейін «Құпиясөзді орнату» түймесін басыңыз.
Компьютеріңізде сақталған сақтық көшірмелерді көру үшін «Өңдеу» > «Параметрлер» тармағын таңдаңыз, одан кейін «Құрылғылар» түймесін басыңыз. Шифрланған сақтық көшірмелерде сақтық көшірмелер тізімінде құлып белгішесі болады.
Ескертпе: Wi-Fi арқылы синхрондау мүмкіндігін орнатқан жағдайда, iPad құрылғысын компьютеріңізге сымсыз қосуыңызға да болады.