iPad құрылғысының экрандағы пернетақтасын жылжыту
iPad үлгіңізге байланысты экрандағы пернетақтамен экранда қалқымалы және жылжымалы, экранның төменгі жағында бөлінген немесе экранның ортасынан ажыратылған күйде теруіңізге болады.
Қалқымалы пернетақтаны пайдалану
Экрандағы пернетақтаны қалқитын ете аласыз және оны экрандағы кез келген жерге экранның төменінен сүйреу арқылы жылжыта аласыз.

Экрандағы пернетақтаны ашу үшін мәтін өрісін түртіңіз.
түймесін басып тұрып, саусағыңызды «Қалқымалы» параметріне сырғытыңыз, одан кейін босатыңыз. Пернетақтаның кішкентай нұсқасы ашылады, оны экранда кез келген жерге сүйреп, орналастыруыңызға болады.
Пернелерді түртіңіз немесе саусағыңызды көтермей бір әріптен келесіге (кейбір тілдер үшін қолжетімді бола бермейді) сырғыту арқылы теріңіз.
Пернетақтаны толық еніне қайтару үшін қалқымалы нұсқаны түйістіріп ашыңыз.
«Бөлінген пернетақта» параметрін қосу
Бөлінген пернетақтаны қолдайтын үлгілерде «Бөлінген пернетақта» реттеуін қосу үшін келесі әрекетердің біреуін орындаңыз:
«Реттеулер»
> «Жалпы» > «Пернетақта» тармағына өтіңіз, одан кейін «Бөлінген пернетақта» реттеуін қосыңыз немесе өшіріңіз.
түймесін немесе
түймесін басып тұрыңыз, «Пернетақта реттеулері» түймесін түртіңіз, одан кейін «Бөлінген пернетақта» реттеуін таңдаңыз.
Пернетақтаны бөлу
«Бөлінген пернетақта» реттеуі «Реттеулер» қолданбасында қосылған кезде экрандағы пернетақтаны ашу үшін мәтін өрісін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Пернетақтаны бөлу:
түймесін басып тұрып, саусағыңызды «Бөлу» параметріне сырғытыңыз, одан кейін босатыңыз.
Бөлінген пернетақтаны қайта біріктіру:
түймесін басып тұрып, саусағыңызды «Біріктіру» параметріне сырғытыңыз, одан кейін босатыңыз.
Пернетақтаны босату
«Бөлінген пернетақта» реттеуі «Реттеулер» қолданбасында қосылған кезде пернетақта экранның төменгі жағынан жоғарыға жылжу үшін оны босатуыңызға болады (Бөлінген пернетақтаны қолдайтын үлгілерде қолжетімді).
Экрандағы пернетақтаны ашу үшін мәтін өрісін түртіңіз.
түймесін басып тұрып, саусағыңызды «Шешу» параметріне сырғытыңыз, одан кейін босатыңыз.
Пернетақта экранның төменгі жағынан жоғары жылжиды. Осы позицияда пернетақтамен тере аласыз.
Босатылған пернетақтаны оның бастапқы орнына қайтару үшін
түймесін басып тұрып, саусағыңызды Dock тақтасына сырғытыңыз, одан кейін босатыңыз.