iPad құрылғысындағы News қолданбасында мақалаларды сақтау
News қолданбасында мақалаларды кейінірек, онлайн немесе офлайн оқу үшін сақтай аласыз.
Мақаланы сақтау
Мақаланы оқу кезінде оны сақтау үшін түймесін түртіңіз.
Сақталған мақаланы оқу үшін бүйірлік жолақта Saved Stories (Сақталған мақалалар) түймесін, одан кейін мақаланы түртіңіз. Сақталған мақаланы жою үшін мақаланы басып тұрыңыз, одан кейін Unsave Story (Мақаланы сақтамау) түймесін түртіңіз. Барлық сақталған мақалаларды жою үшін Clear (Тазалау) түймесін түртіңіз.
Оқу журналыңызды тексеру және өңдеу
Бүйірлік жолақта History (Тарих) түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Мақаланы оқу: Мақаланы түртіңіз.
Мақаланы жою: Мақаланы басып тұрыңыз, одан кейін Remove from History (Тарихтан жою) түймесін түртіңіз.
Оқу журналыңызды жою: Clear (Жою) түймесін, одан кейін Clear History (Тарихты тазалау) түймесін түртіңіз.
Ұсыныстар жасау үшін пайдаланылған ақпаратты жою: Clear (Жою) түймесін, одан кейін Clear Recommendations (Ұсыныстарды өшіру) түймесін түртіңіз.
Барлығын тазалау: Clear (Жою) түймесін, одан кейін Clear All (Барлығын жою) түймесін түртіңіз.
News журналыңыз, ұсыныс ақпараты, сақталған мақалалар мен жүктеп алған шығарылымдарыңыз бірдей Apple ID аккаунтыңызбен кірген барлық құрылғыларыңыздан жойылады.
Ескертпе: Мақала тақырыптары Saved Stories (Сақталған мақалалар) тізімінде қалады, бірақ мақалаларды оқу үшін онлайн болуыңыз керек.
Ұсыныстарды тазаласаңыз және Show in App (Қолданбада көрсету) реттеуі «Реттеулер»
> «News» > Siri & Search (Siri және іздеу) тармағында қосулы болса, Safari және қолданба қолданысы мен оқу әдеттеріңізге негізделген ұсыныстар News қолданбасында тазаланады. News қолданбасының Safari және қолданба қолданысы негізінде мақалаларды ұсынуын болдырмау үшін Show in App (Қолданбада көрсету) параметрін өшіріңіз.
Журналыңызды тазалағаныңызда, жаңалықтар басып шығарушыларына статистиканы хабарлау үшін Apple News пайдаланған идентификатор да қайта орнатылады. Идентификаторды кез келген уақытта «Реттеулер» > «News» тармағына өту, одан кейін Reset Identifier (Идентификаторды нөлде) реттеуін қосу арқылы қайта орната аласыз.