iPad құрылғысындағы FaceTime қолданбасында Live Photo суретін түсіру
FaceTime қолданбасында видео қоңырауында болған кезіңізде сұхбатыңыздың сәтін түсіру үшін FaceTime Live Photo суретін түсіруіңізге болады (қызмет барлық елде немесе аймақта бола бермейді). Камера фото түсірместен бұрын және одан кейін болған нәрсені, соның ішінде дыбысты түсіреді, сонда кейінірек оны ол орын алған жолмен көре және ести аласыз.
FaceTime Live Photo суретін түсіру үшін алдымен «FaceTime Live Photos» реттеуінің «Реттеулер» > «FaceTime» тармағында қосылғанын тексеріңіз, одан кейін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Басқа бір адаммен қоңырауда:
түймесін түртіңіз.
«Топтық FaceTime» қоңырауында: Суретке түсіргіңіз келетін адамның тақтасын түртіңіз,
түймесін, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Фотоның түсірілгені туралы хабарландыруды екеуіңіз де аласыз, ал Live Photo суреті «Фотолар» қолданбаңызда сақталады.