«Live тыңдау» мүмкіндігімен iPad құрылғысын қашықтағы микрофон ретінде пайдалану
Дыбысты iPad құрылғысындағы микрофоннан MFi есту құрылғыларыңызға немесе AirPods құлақаспабына ағынмен жібере аласыз. Бұл кейбір жағдайларда жақсырақ естуіңізге көмектеседі—мысалы, шулы ортада сөйлесіп жатқанда.
AirPods құлаққабын пайдаланып отырсаңыз, оларды құлағыңызға қойыңыз.
AirPods құлақаспаптарыңыз iPad құрылғысына автоматты түрде қосылса, Басқару орталығында немесе Құлыптау экранында
түймесін түртіңіз, одан кейін AirPods құлақаспаптарыңызды таңдаңыз.
«Live тыңдау» параметрін қосу немесе өшіру үшін келесі әдістердің біреуімен орындаңыз:
Басқару орталығын ашыңыз,
түймесін түртіңіз, есту құрылғыңызды немесе AirPods құлаққабын түртіңіз, одан кейін «Live тыңдау» түймесін түртіңіз.
(
түймесін көрмесеңіз, Басқару орталығына қосыңыз — «Реттеулер»
> «Басқару орталығы» тармағына өтіңіз, одан кейін «Есту» түймесінің жанындағы
түймесін түртіңіз).
«Әмбебап қол жеткізу пәрмені» параметрін баптаған болсаңыз, түймені түртіңіз, «Есту құрылғылары» түймесін түртіңіз, одан кейін «Live тыңдау» түймесін түртіңіз.
Есту құралдарын пайдаланатын болсаңыз, «Реттеулер» > «Әмбебап қол жеткізу» > «Есту құрылғылары» тармағына өтіңіз, одан кейін «Live тыңдау» реттеуін қосыңыз.
iPad құрылғысын дыбыс көзіне жақын орналастырыңыз.