iPhone құрылғысында фотосуреттерді, бейнелерді және дыбыстық хабарларды жіберу
Messages қолданбасында фотосуреттерді, бейнелерді және дыбыстық хабарларды iMessage немесе SMS/MMS қызметін пайдаланып жіберуіңізге болады. Тіркемені бөлісуіңізге, сақтауыңызға немесе басып шығаруыңызға болады. Photos iMessage қолданбасы хабар жіберіп жатқан адамыңызға, не туралы айтып жатқаныңызға және фотосуреттерді бірге түсірген жеріңізге негіздеп бөлісу үшін фотосуреттер ұсынады. Операторыңыз тіркемелердің өлшем шегін анықтайды; iPhone қажет кезде фотосурет пен бейне тіркемелерін қысуы мүмкін.
Dual SIM технологиясы бар үлгілерде SMS/MMS хабарларын жіберу туралы ақпаратты Ұялы желі жоспарларын басқару бөлімінен қараңыз.
Фотосуретті немесе бейнені жіберу
Messages қолданбасында хабар жазу кезінде келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Messages қолданбасында фотосурет түсіру: түймесін түртіңіз, көріністапқыштағы түсірілімді кадрға алыңыз, одан кейін түймесін түртіңіз.
Messages қолданбасында бейне түсіру: түймесін түртіңіз, Video режимін таңдаңыз, одан кейін түймесін түртіңіз.
Фотосуретті немесе бейнені таңдаңыз: Қолданба суырмасындағы түймесін түртіңіз, одан кейін соңғы түсірілімдер арқылы шолу үшін солға сипаңыз немесе All Photos түймесін түртіңіз.
Хабарыңызды жіберу үшін түймесін, ал болдырмау үшін түймесін түртіңіз.
Фотосуретті өңдеу немесе белгілеу
Messages сөйлесуінде жіберу үшін фотосуретті өңдеуіңізге немесе бетбелгілеуіңізге болады.
Қолданба суырмасындағы түймесін түртіңіз, одан кейін фотосуретті таңдаңыз.
Хабар көпіршігіндегі фотосуретті түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Markup түймесін түртіңіз, фотосуретте сурет салу үшін Markup құралдарын пайдаланыңыз, одан кейін Save түймесін түртіңіз.
Edit түймесін түртіңіз, фотосуретті өңдеу үшін фотосуретті өңдеу құралдарын пайдаланыңыз, одан кейін Done түймесін түртіңіз.
Done түймесін түртіңіз, хабар қосыңыз, одан кейін фотосуретті жіберу үшін түймесін түртіңіз немесе фотосуретті хабар көпіршігінен жою үшін түймесін түртіңіз.
Фотосуретке немесе бейнеге камера әсерлерін қосу
Қолдау көрсетілген үлгілерде сөйлесуде фотосурет немесе бейне түсіргеніңізде оған—фильтрлер, стикерлер, жапсырмалар және кескіндер сияқты камера әсерлерін қосуыңызға болады.
түймесін түртіңіз, одан кейін Photo немесе Video сияқты камера режимін таңдаңыз.
түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
(iPhone X және одан кейінгі) түймесін түртіңіз, Animoji тармағын таңдаңыз, одан кейін Animoji терезесін жабу үшін түймесін түртіңіз.
түймесін түртіңіз, суретіңізге қолдану үшін фильтрді таңдаңыз, одан кейін Filters терезесін жабу үшін түймесін түртіңіз.
Мәтін жапсырмасын қосу үшін түймесін түртіңіз, одан кейін Text терезесін жабу үшін түймесін түртіңіз.
Кескін қосу үшін түймесін түртіңіз, одан кейін Shapes терезесін жабу үшін түймесін түртіңіз.
Стикерлеріңіз болса, оларды суретіңізге қосу үшін оларды түртуіңізге болады.
Фотосурет түсіру үшін түймесін, ал бейне жазу үшін түймесін түртіңіз.
Фотосуретті ішіне хабар қосуға болатын хабар көпіршігіне қосу үшін Done түймесін түртіңіз немесе тек фотосуретті тікелей жібу үшін түймесін түртіңіз.
Дыбыстық хабар жіберу
Сөйлесуде дыбыстық хабар жазу үшін түймесін басып тұрыңыз.
Хабарды жіберместен бұрын тыңдау үшін түртіңіз.
Хабарыңызды жіберу үшін түймесін, ал болдырмау үшін түймесін түртіңіз.
Ескертпе: Бос орынды үнемдеу үшін iPhone құрылғысы Keep түймесі түртілмеген жағдайда дыбыстық хабарларды олар тыңдалғаннан кейін 2 минутта автоматты түрде жояды. Оларды әрқашан сақтау үшін Settings > Messages > Expire (Audio Messages астында) тармағына өтіңіз, одан кейін Never түймесін түртіңіз.
Дыбыстық хабарды тыңдау немесе оған жауап беру
Кіріс дыбыстық хабарларды ойнату үшін iPhone құрылғысын құлағыңызға көтеріңіз.
Жауап беру үшін оны қайтадан көтеріңіз.
Бұл мүмкіндікті қосу немесе өшіру үшін Settings > Messages тармағына өтіңіз, одан кейін Raise to Listen параметрін өшіріңіз.
Хабарды немесе тіркемені бөлісу, сақтау, басып шығару, көшіру немесе жою
Сөйлесуде келесі әрекеттердің кез келгенін тіркемелерде орындаңыз:
Тіркемені бөлісу, сақтау немесе басып шығару: Тіркемені түртіңіз, одан кейін түртіңіз.
Тіркемені көшіру: Тіркемені басып тұрыңыз, одан кейін Copy түймесін түртіңіз.
Басқа қолданбадан элементтерді бөлісу: Басқа қолданбада Share түймесін немесе түртіңіз, одан кейін Message түймесін түртіңіз.
Хабарды немесе тіркемені қайта жіберу: Хабарды немесе тіркемені басып тұрыңыз, More түймесін түртіңіз, қажет болса қосымша элементтерді таңдаңыз, одан кейін түймесін түртіңіз.
Хабарды немесе тіркемені жою: Хабарды немесе тіркемені басып тұрыңыз, More түймесін түртіңіз, қажет болса қосымша элементтерді таңдаңыз, одан кейін түртіңіз.
Ескертпе: iMessage қолданбасында жіберген тіркемелеріңіз (фотосуреттер немесе бейнелер сияқты) Apple торабына кері жүктелуі және оларға тек жіберуші мен алушыдан басқа ешкім қатынай алмауы үшін шифрланады. Өнімділікті жақсарту үшін iMessage қолданбасында хабар жасау кезінде құрылғыңыз Apple торабына тіркемелерді автоматты түрде кері жүктеуі мүмкін. Хабарыңыз жіберілмесе, тіркемелер бірнеше күннен кейін серверден жойылады.