iPhone құрылғысында Books қолданбасында кітаптар оқу
Books қолданбасында , экранның төменгі жағындағы Reading Now және Library қойындыларын оқып жатқан кітаптарыңызды, оқығыңыз келетін кітаптарды көру, кітап жинақтарыңызды қарау және т.б. үшін пайдаланыңыз.
Reading Now: Қазір оқып жатқан кітаптарыңыз бен аудиокітаптарыңызға қатынау үшін түртіңіз. Want To Read жинағыңызға қосқан кітаптарыңыз бен аудиокітаптарыңызды және таңдаған кітаптарыңызды көру үшін төмен жылжыңыз. Күндік және жылдық оқу масаттарын да орнатып, бақылауыңызға болады.
Library: Book Store дүкенінен алған немесе кітапханаңызға қолмен қосқан кітаптарыңыздың, аудиокітаптарыңыздың, серияларыңыздың және PDF файлдарыңыздың барлығын көру үшін түртіңіз. Want to Read, My Samples, Audiobooks және Finished сияқты жинақтарға сұрыпталған кітаптарыңызды көру үшін Collections түймесін түртуіңізге болады.
Кітап оқу
Reading Now немесе Library қойындысын түртіңіз, одан кейін кітапты ашу үшін мұқабаны түртіңіз. Төмендегідей шарлау үшін қимылдар мен басқару элементтерін пайдалану:
Бетті аудару: Беттің оң жағын түртіңіз немесе оңнан солға сипаңыз.
Алдыңғы бетке өту: Беттің сол жағын түртіңіз немесе солдан оңға сипаңыз.
Нақты бетке өту: Бетті түртіңіз және экранның төменгі жағындағы слайдерді солға немесе оңға жылжытыңыз. Не болмаса, түртіңіз және бет нөмірін енгізіңіз, одан кейін іздеу нәтижелеріндегі бет нөмірін түртіңіз.
Кітапты жабу: Басқару элементтерін көрсету үшін беттің ортасын түртіңіз, одан кейін түймесін түртіңіз.
Мәтін мен дисплей көрінісін өзгерту
Бетті түртіңіз, түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Экран жарықтығын реттеу: Слайдерді солға немесе оңға сүйреңіз.
Қаріп өлшемін өзгерту: Қаріп өлшемін үлкейту үшін үлкен A әрпін түртіңіз, ал оны кішірейту үшін кіші A әрпін түртіңіз.
Қаріпті өзгерту: Басқа қаріпті таңдау үшін Fonts түймесін түртіңіз.
Бет өңінің түсін өзгерту: Түсті шеңберді түртіңіз.
Қараңғы кезде экранды күңгірттеу: Books қолданбасын көмескі жарық жағдайларында пайдаланғанда бет түсін және жарықтықты автоматты түрде өзгерту үшін Auto-Night Theme параметрін қосыңыз. (Барлық кітаптар Auto-Night Theme параметрін қолдай бермейді.)
Бетке бөлуді өшіру: Бет арқылы үздіксіз жылжу үшін Scrolling View параметрін қосыңыз.
Бетті белгілеу
Кітапты жапқаныңызда келген жеріңіз автоматты түрде сақталады—бетбелгі қосудың қажеті жоқ. Қайта оралу үшін қажетті беттерді белгілеңіз.
Бетбелгі қосу үшін түймесін түртіңіз; бетбелгіні жою үшін оны қайтадан түртіңіз.
Барлық бетбелгілерді қарау үшін түймесін түртіңіз, одан кейін Bookmarks түймесін түртіңіз.
Мәтінді бөлектеу немесе астын сызу
Сөзді басып тұрыңыз, одан кейін таңдауды реттеу үшін ұстау нүктелерін жылжытыңыз.
Бөлектеу түсін таңдау немесе астын сызу үшін Highlight түймесін түртіңіз, одан кейін түймесін түртіңіз.
Бөлектеуді немесе астыңғы сызықты жою үшін мәтінді түртіңіз, одан кейін түймесін түртіңіз.
Бөлектеулеріңіздің барлығын көру, үшін түймесін, одан кейін Notes түймесін түртіңіз.
Жазба қосу
Сөзді басып тұрыңыз, одан кейін таңдауды реттеу үшін ұстау нүктелерін жылжытыңыз.
Note түймесін түртіңіз, мәтінді енгізу үшін пернетақтаны пайдаланыңыз, одан кейін Done түймесін түртіңіз.
Жазбаларыңыздың барлығын көру үшін түймесін түртіңіз, одан кейін Notes түймесін түртіңіз. Жою үшін жазбада солға сипаңыз.
Таңдауды бөлісу
Мәтін бөлектеулерін AirDrop, Mail немесе Messages қолданбасын пайдаланып жіберуіңізге немесе таңдауды Notes қолданбасына қосуыңызға болады. Кітап iBooks Store дүкенінен болса, кітапқа сілтеме таңдауға қосылады. (Sharing параметрі барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермеуі мүмкін.)
Сөзді басып тұрыңыз, одан кейін таңдауды реттеу үшін ұстау нүктелерін жылжытыңыз.
Share түймесін түртіңіз, одан кейін әдісті таңдаңыз.
Сондай-ақ, Book Store дүкеніндегі кітапты қарау үшін сілтеме жіберуіңізге болады. Кез келген бетті түртіңіз, түймесін, одан кейін түймесін түртіңіз.
Кітаптарыңызға барлық құрылғыларыңыздан қатынау
Books ақпаратыңызды iPhone, iPad және iPod touch құрылғыларыңызда жаңа күйде сақтау үшін әрбір құрылғыда бірдей Apple ID идентификаторымен кіріңіз, одан кейін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Оқу орнын, бетбелгілерді, жазбалар мен бөлектеулерді үндестіру: Settings > [your name] > iCloud тармағына өтіңіз, одан кейін iCloud Drive параметрі мен Books параметрінің екеуін де қосыңыз.
Reading Now, Library және жинақтар тізімдерін үндестіру: Settings > [your name] > iCloud тармағына өтіңіз және iCloud Drive және Books параметрлерінің екеуін де қосыңыз. Одан кейін Settings > Books > тармағына өтіңіз және Reading Now параметрін қосыңыз.
iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғыңызда iCloud қызметін орнату бөлімін қараңыз.
Кітаптарыңызға Mac компьютеріңізден қатынау
Mac компьютеріңіздегі кітаптарыңызды, аудиокітаптарыңызды және PDF файлдарыңызды көру үшін Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз, одан кейін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
macOS Catalina: Apple ID түймесін басыңыз, бүйірлік жолақтан iCloud тармағын таңдаңыз, одан кейін iCloud Drive тармағын таңдаңыз. Options түймесін басыңыз, одан кейін Books тармағын таңдаңыз.
macOS 10.14 немесе оған дейінгі: iCloud түймесін басыңыз, одан кейін iCloud Drive параметрін таңдаңыз. Options түймесін басыңыз, одан кейін Books тармағын таңдаңыз.
Mac компьютеріңізде жинақтарыңызды, бетбелгілеріңізді, жазбаларыңызды және бөлектеулеріңізді қарау үшін Books қолданбасын ашыңыз, Preferences параметрін таңдаңыз, General түймесін басыңыз, одан кейін «Sync collections, bookmarks, and highlights across devices» параметрін таңдаңыз.