iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max үлгілеріндегі «Әрекет» түймесін пайдалану және теңшеу
iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max құрылғыларында «Қоңырау/дыбыссыз» қосқышының орнында «Әрекет» түймесі бар. «Әрекет» түймесін басқан кезде орындалатын функцияны таңдауыңызға болады. Түйме өте қолжетімді болғандықтан, ол жиі орындалатын әрекеттер үшін пайдалы. («Әрекет» түймесінің орны төменде көрсетілген.) Басқа функция үшін пайдаланғыңыз келетінін шешкен кезде әрекетті өзгерту оңай.

iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max үлгілеріндегі «Әрекет» түймесін теңшеу
«Реттеулер»
> «Әрекет түймесі» тармағына өтіңіз.
«Әрекет» түймесіне тағайындауыңызға болатын әрекеттерді көрсетіп тұрған белгішелері бар iPhone құрылғысының бүйірінің суреті пайда болады.
Әрекетті таңдау үшін пайдаланғыңыз келетін әрекетке сырғытыңыз. Әрекеттің атауы нүктелердің астында пайда болады.
Кеңес: iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max үлгілерін Дыбыссыз режимге қою мақсатында «Әрекет» түймесін теңшеу үшін
белгішесіне сырғытыңыз. Басқа әрекетті таңдау үшін оған қарай сырғытыңыз.
Таңдалған әрекет үшін қосымша опциялар бар болса,
түймесі әрекеттің төменгі жағында пайда болады. Опциялар тізімін көру үшін оны түртіңіз.
«Пәрмендер» және «Әмбебап қол жеткізу» әрекеттері үшін әрекеттің астындағы көк түймені түртіп, белгілі бір опцияны таңдауыңыз керек, болмаса, «Әрекет» түймесі ешнәрсе орындамайды.
Белгіше
Әрекет
Дыбыссыз режим: «Дыбыссыз режим» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Зейін қою: Нақты «Зейін қою» параметрін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Камера: Фото, селфи, видео, портрет немесе портреттік селфиді жылдам түсіру үшін «Камера» қолданбасын ашыңыз.
Қолшам: Қолшамды қосыңыз немесе өшіріңіз.
Дауыстық жазба: Дауыстық жазба жазуды бастаңыз немесе тоқтатыңыз.
Лупа: «Лупа» қолданбасын ашыңыз.
Аудару: Сөзді бір тілден екінші тілге аударуды бастаңыз.
Жылдам пәрмен: Қолданбаны ашыңыз немесе таңдаулы пәрменіңізді іске қосыңыз.
Әмбебап қол жеткізу: Таңдаулы әмбебап қол жеткізу мүмкіндігіңізге жылдам қол жеткізіңіз.
Әрекетcіз
Түйме ешқандай әрекет орындамайды.
«Әрекет» түймесін пайдалану
«Әрекет» түймесіне тағайындалған әрекетті орындау үшін оны басып тұрыңыз.
Көптеген функциялар үшін «Әрекет» түймесін реттеуді қосу немесе өшіру үшін пайдалануға болады. Мысалы, таңдалған әрекет «Дыбыссыз режим» болса, iPhone құрылғысын Дыбыссыз режиміне қою үшін «Әрекет» түймесін басып тұруыңызға болады. «Әрекет» түймесін қайтадан басып тұрсаңыз, ол «Дыбыссыз» режимін өшіреді.