iPhone құрылғысында ауа райы карталарын қарау
«Ауа райы» қолданбасын геолокациядағы немесе басқа аймақтардағы толық экрандық жауын-шашын, температура, ауа сапасы және жел карталарын қарау үшін пайдалануыңызға болады.

Толық экрандық ауа райы картасын қарау
iPhone құрылғыңызда «Ауа райы» қолданбасын
ашыңыз.
Геолокацияны таңдаңыз, одан кейін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Экранның төменгі жағындағы
түймесін түртіңіз.
Төмен жылжыңыз, одан кейін ауа райы картасын түртіңіз.
Картаның дисплейін өзгерту
Толық экрандық картаны қарау кезінде дисплейді реттеу үшін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Карта дисплейін температураға, жауын-шашынға, ауа сапасына немесе желге өзгерту:
түймесін түртіңіз.
Жауын-шашын картасын қарау кезінде көріністі «12 сағаттық болжам» және «Келесі сағатқа болжам» (барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді) арасында өзгерту үшін
түймесін түртіңіз.
Картаны жылжыту: Экранды түртіңіз және саусағыңызды сүйреңіз.
Үлкейту және кішірейту: Экранды түйістіріңіз.
Ауа райы тізіміңізден геолокацияны қарау:
түймесін түртіңіз.
Қазіргі геолокацияға қайту:
түймесін түртіңіз.
Геолокацияны ауа райы тізіміңізге қосу, оның қазіргі жағдайларын қарау немесе оны «Карталар» қолданбасында қарау: Геолокацияны басып тұрыңыз.
Картаны жабу үшін «Дайын» түймесін түртіңіз.