iPhone құрылғысында күн мен уақытты өзгерту
Құлыптау экранында көрінетін күн мен уақыт геолокацияңыздың негізінде автоматты түрде орнатылады. Мысалы, оларды саяхаттау кезінде реттеуіңізге де болады.
«Реттеулер»
> «Жалпы» > «Күні және уақыты» тармағына өтіңіз.
Келесі параметрлердің кез келгенін қосыңыз:
Автоматты түрде орнату: iPhone желіден дұрыс уақытты алады және оны сіздің уақыт белдеуіңізге жаңартады. Кейбір желілер желі уақытын қолдамайды, сондықтан кейбір елдерде немесе аймақтарда iPhone құрылғысы жергілікті уақытты автоматты түрде анықтай алмауы мүмкін.
24 сағаттық уақыт: (барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді) iPhone құрылғысы сағаттарды 0 - 23 аралығында көрсетеді.
Әдепкі күн мен уақытты өзгерту үшін «Автоматты түрде орнату» параметрін өшіріңіз, одан кейін көрсетілген күн мен уақытты өзгертіңіз.
Кеңес: Құлыптау экранындағы сағаттың қаріп түсі мен стилін өзгерту үшін Арнаулы iPhone құлыптау экранын жасау бөлімін қараңыз.