iPhone құрылғысында видео ұзындығын кесу және жай қимылды реттеу
«Фотолар» қолданбасында iPhone құрылғыңызда жазған видеоның басталатын және аяқталатын жерін өзгерту үшін оны кесуіңізге болады. Сондай-ақ. «Баяу қимыл» режимінде жазылған кезде жай қимылда пайда болатын видео бөлігін реттеуіңізге болады.
Видеоны кесу
«Фотолар» қолданбасында видеоны ашыңыз, одан кейін «Өңдеу» түймесін түртіңіз.
Видеоның төменгі жағындағы кадр қарау құралының бір ұшын басталу және аяқталу уақыттарын өзгерту үшін сүйреңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Тек кесілген видеоны сақтау үшін «Видеоны сақтау» түймесін түртіңіз, ал видеоның екі нұсқасын да сақтау үшін «Жаңа видео ретінде сақтау» түймесін түртіңіз.
Сақтағаннан кейін кесуді болдырмау үшін видеоны ашыңыз, «Өңдеу» түймесін, одан кейін «Қайтару» түймесін түртіңіз.
Ескертпе: Жаңа клип ретінде сақталған видеоны түпнұсқасына қайтару мүмкін емес.
«Баяу қимыл» режимінде видео түсірілімнің жай қимылды бөлігін өзгерту
«Баяу қимыл» режимінде түсірілген видеоны ашыңыз, одан кейін «Өңдеу» түймесін түртіңіз.
Видеоның жай қимылда ойнатылатын жерін орнату үшін кадрды қарау құралының астындағы ақ тік жолақтарды сүйреңіз.