Қолданбаларды iPhone құрылғысынан алып тастау немесе жою
Қолданбаларды iPhone құрылғысынан оңай алып тастауыңызға немесе жоюыңызға болады. Ойыңызды өзгертсеңіз, қолданбаларды кейінірек қайтадан жүктеп алыңыз (олар әлі де App Store дүкенінде қолжетімді болса).
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Басты экраннан қолданбаны жою: Басты экранда қолданбаны басып тұрыңыз, «Қолданбаны жою» түймесін түртіңіз, одан кейін оны «Қолданба каталогі» қойындысында сақтау үшін «Басты экраннан алып тастау» түймесін түртіңіз немесе оны iPhone құрылғысынан жою үшін «Қолданбаны жою» түймесін түртіңіз.
Қолданбаны «Қолданба каталогі» қойындысынан және басты экраннан жою: «Қолданба каталогі» қойындысындағы қолданбаны басып тұрыңыз, «Қолданбаны жою» түймесін, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз. («Қолданба каталогі» қойындысында қолданбаларыңызды табу бөлімін қараңыз.)
Ойыңызды өзгертсеңіз, жойған қолданбаларыңызды қайта жүктеп алуыңызға болады.
Үшінші тараптың қолданбаларын басты экраннан жоюға қоса iPhone құрылғыңызбен келген келесі кірістірілген Apple қолданбаларын жоюыңызға болады:
Контактілер (Контакт ақпараты «Телефон», «Хабарлар», «Пошта», FaceTime және басқа қолданбалар арқылы қолжетімді болып қалады. Контактіні жою үшін «Контактілер» тізімін қалпына келтіруіңіз керек.)
FaceTime (iOS 17.4 немесе одан кейінгі жүйеде оны iPhone құрылғыңыздан жойған болсаңыз немесе iOS 17.4 жүйесін жаңартпастан бұрын FaceTime қолданбасын iOS жүйесінің бұрынғы нұсқасында жойсаңыз, қолданбаны қайта жүктеп алмайынша iPhone құрылғыңызда FaceTime қоңырауларын шала немесе қабылдай алмайсыз немесе SharePlay сеанстарына қосыла алмайсыз. iPhone құрылғысында FaceTime қоңырауларын шалу бөлімін қараңыз.)
Локатор (Бұл қолданбаны жою құрылғыңыз немесе элементтеріңіз үшін геолокацияны бөлісу немесе «Локатор» мүмкіндігін өшірмейді—ол тек сол құрылғыдағы «Локатор» қолданбасындағы геолокацияларды көру мүмкіндігін жояды.)
Wallet (Бұл қолданбаны жою iCloud қызметінде сақтаған карталарыңызды жоймайды.)
Ескертпе: Кірістірілген қолданбаны басты экраннан жойғанда барлық қатысты пайдаланушы деректері мен теңшелім файлдарын да жоясыз. Кірістірілген қолданбаларды басты экраннан жою басқа жүйе қызметіне әсер етуі де мүмкін.