iPhone құрылғыңыздағы FaceTime қоңырауын басқа Apple құрылғыларыңызға ауыстыру
FaceTime қоңырауын iPhone құрылғыңызда бастап, қоңырауды бірдей Apple ID аккаунтымен кірген басқа құрылғыңызға ауыстыруыңызға болады.
Үздіксіздік камерасы және Микрофон функцияларының көмегімен iPhone құрылғыңызды Mac немесе Apple TV құрылғыңыздағы FaceTime қоңыраулары үшін веб-камера және микрофон ретінде пайдалануыңызға болады. iPhone құрылғысын Mac веб-камерасы ретінде пайдалану және FaceTime қолданбасын Apple TV 4K құрылғысында пайдалану бөлімдерін қараңыз.
Ескертпе: «Реттеулер» > FaceTime тармағында көрсетілген қоңырауға арналған таңдаулы контакт ақпараты қоңырауды бергіңіз келетін құрылғыдағы «Реттеулер» > FaceTime тармағындағы таңдаулы контакт ақпаратымен бірдей болуы тиіс.
iPhone құрылғысындағы FaceTime қоңырауын iPad немесе Mac құрылғысына ауыстыру
iPhone құрылғыңызда FaceTime қоңырауы жүріп жатқан кезде, қоңырауды iPad немесе Mac құрылғыңызға ауыстыруыңызға болады. FaceTime қоңырауын ауыстыру үшін құрылғыларыңызда macOS 13, iOS 16 немесе iPadOS 16 жүйесі немесе одан кейінгі нұсқалары болуы қажет. Екі құрылғыда да бірдей Apple ID аккаунтымен кірген болуыңыз керек.
iPhone құрылғысындағы FaceTime қолданбасында
қоңырау жүріп жатқан кезде, екінші құрылғыда мына әрекеттердің бірін жасаңыз:
«Қоңырауды осы [құрылғыға] жылжыту» деген ұсынысы бар хабарландыруды түртіңіз.
Экранның жоғарғы жағындағы
түймесін түртіңіз.
Камера, микрофон және дыбыс реттеулерін көрсететін қоңыраудың алдын ала қарау көрінісі пайда болады.
Керек реттеулер таңдалғанын тексеріп, «Ауыстыру» немесе «Қосылу» түймесін түртіңіз.
Қоңырау жаңа құрылғыға ауысады. Бастапқы құрылғыда қоңыраудың басқа жерде жалғасқанын растайтын баннер «Ауыстыру» түймесімен бірге пайда болады; оны қоңырауды қайтарғыңыз келген жағдайда түртуіңізге болады.
iPhone құрылғыңыздағы FaceTime қоңырауын Apple TV 4K құрылғысына ауыстыру
FaceTime қоңырауын iPhone құрылғыңызда бастап (немесе қабылдап), қоңырауды екі құрылғыға да бірдей Apple ID аккаунтымен кірген кезде Apple TV 4K (2-буын және одан жаңа) құрылғысындағы үлкенірек экранға ауыстыруыңызға болады. Қоңырауды ауыстырғаннан кейін, қоңырау бойы Apple TV үшін веб-камера мен микрофон ретінде қызмет ететін iPhone құрылғыңызбен ол Apple TV қолданбасында жалғасады. Apple TV құрылғысымен Үздіксіздік камерасы iPhone XR және iPhone XS және одан жаңа құрылғыда және Apple TV 4K құрылғысында (2-буын және одан жаңа) қолжетімді.
Қоңырауды ауыстыру және Apple TV 4K (2-буын) құрылғысында жалғастыру бойынша нұсқауларды FaceTime қолданбасын Apple TV 4K құрылғысында (2-буын немесе одан жаңа) пайдалану бөлімінен қараңыз.