iPhone құрылғысында Қарапайым режиммен музыка ойнату
iPhone құрылғысында Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам «Музыка» қолданбасын Қарапайым режимге қосылған ойнату тізімдерін тыңдау үшін пайдалана алады.
«Музыка» қолданбасы басты экранда болмаса, оны қосуыңызға болады. Қарапайым режим үшін «Музыка» қолданбасын баптау бөлімін қараңыз.
Музыканы ойнату
Белсенді болмаса, Қарапайым режимге кіріңіз, одан кейін «Музыка» қолданбасына өтіңіз.
Келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Музыканы ойнатуды бастау: «Ойнату» түймесін түртіңіз. Не болмаса, нақты әнді ойнатуды бастау үшін оны түртіңіз.
Нақты ойнату тізімін таңдау: Оны түртіңіз.
Музыканы ойнатуды тоқтату: «Кідірту» түймесін түртіңіз.
Қарапайым режим белсенді болмаған кезде, «Музыка» қолданбасында ойнату тізімдерін жасауыңызға және өңдеуіңізге болады. iPhone пайдаланушы нұсқаулығындағы Ойнату тізімдерін жасау бөлімін қараңыз.
Қарапайым режимдегі кез келген экранда Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам алдыңғы экранға оралу үшін «Артқа» түймесін әрқашан түрте алады.