Фотосурет түсіру үшін бір үлкен түймесі бар ашық «Камера» қолданбасын және алдыңғы экранға оралу үшін басқа үлкен түймені көрсетіп тұрған Қосымша қол жеткізу режиміндегі iPhone.

Қосымша қол жеткізу деген не?

Қосымша қол жеткізу когнитивтік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға iPhone құрылғысын барынша жеңіл және тәуелсіз пайдалануға мүмкіндік беретін, көбірек бағытталған мүмкіндіктері мен жеңілдетілген пайдаланушы интерфейсі бар ерекше iOS функциясы болып табылады.

Қосымша қол жеткізу туралы үйрену

Қосымша қол жеткізу басты экранын көрсетіп тұрған екі iPhone. Бір iPhone тек бірнеше қолданбалардың үлкен торын көрсетеді. Басқа iPhone тізімдегі көптеген қолданбаларды көрсетеді.

Жұмысты бастау

Отбасы мүшесі немесе күтуші сияқты сенімді қолдаушы iPhone құрылғысының олар қолдайтын адам үшін жақсы жұмыс істеуі үшін Қосымша қол жеткізу режимін баптауға және жекелендіруге көмектесе алады.

Қосымша қол жеткізу мүмкіндігін баптау жолы

«Хабарлар» қолданбасы ашық тұрған Қосымша қол жеткізу режиміндегі iPhone. Хабар тек эмодзи пернетақтасын пайдаланып жіберіліп жатыр.

Мәтінге визуалды баламалар

Қосымша қол жеткізу режимі адамдарға iPhone құрылғысын шарлау және мәтінге қарағанда визуалды материалдарды қолданып байланысу жолдарын ұсынады. Экрандағы элементтерді суреттер мен белгішелерді ерекшелейтін үлкен торда көрсетуге болады және хабарларды тек эмодзи пернетақтасымен немесе видео селфи ретінде жіберуге болады.

Қосымша қол жеткізу үшін экран орналасуын таңдау жолы

Қосымша қол жеткізу пайдаланушы нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Мазмұны түймесін түртіңіз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз.

Қосымша ресурстар үшін Apple қолжетімділік қолдауы веб-сайтына кіріңіз.

Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.