iPhone құрылғысында Қарапайым режиммен «Қоңыраулар» қолданбасын баптау және пайдалану
iPhone құрылғысында Қарапайым режиммен «Телефон» және FaceTime қолданбалары бір «Қоңыраулар» қолданбасына
біріктіріледі. Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам «Қоңыраулар» қолданбасын жанұясына, достарына және сенімді қолдаушыларына (күтушілер сияқты) дауыстық немесе FaceTime видео қоңырауларын шалу үшін пайдалана алады. «Қоңыраулар» қолданбасын Қарапайым режимді баптау кезінде немесе кейін кез келген уақытта қосуға болады.

«Қоңыраулар» қолданбасын қосу
Белсенді болса, Қарапайым режимнен шығыңыз.
«Реттеулер» қолданбасына
өтіңіз.«Әмбебап қол жеткізу» түймесін, одан кейін «Қарапайым режим» түймесін түртіңіз.
«Қолданбаларды басқару» түймесін түртіңіз, одан кейін «Қоңыраулар» түймесінің жанындағы
түймесін түртіңіз.Қолданба үшін параметрлерді таңдаңыз (төмендегі кестеде сипатталған), соның ішінде қайсы адамдарға қоңырау шалуға болатынын және қоңырау кезінде қолдануға болатын опцияларды таңдаңыз.
Қоңыраулар параметрлері
Опция | Сипаттама | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Мына контактіден қоңыраулар қабылдау | Қарапайым режимді пайдаланып отырған адамға кез келген адамнан, «Контактілер» қолданбасындағы барлық контактіден немесе тек таңдаулы контактілерден (төмендегі «Таңдаулылар» бөлімін қараңыз) қоңыраулар алуға рұқсат етіңіз. | ||||||||||
Келесілерге қоңырау шалу | Қарапайым режимді пайдаланып отырған адамға кез келген адамға, «Контактілер» қолданбасындағы барлық контактіге немесе тек таңдаулы контактілерге (төмендегі «Таңдаулылар» бөлімін қараңыз) қоңыраулар шалуға рұқсат етіңіз. Егер кез келген адамға қоңырау шалуға рұқсат берсеңіз, Қарапайым режимді пайдаланатын адамға кез келген контактіге қоңырау шалуға, сондай-ақ телефон арқылы қоңырау шалу үшін телефон нөмірін енгізуге және оған қоңырау шалған кез келген адамға кері қоңыраулар шалуға рұқсат етіледі. | ||||||||||
Таңдаулылар | «Қоңыраулар» қолданбасы Қарапайым режимде ашылған кезде, бірінші экранға таңдаулы контактілер көрсетіледі. «Таңдаулылар» тізіміне контакт қосу үшін «Контактіні таңдау» опциясын таңдап, бір контактіні түртіңіз де, «Қоңырау» немесе «Видео» опциясын таңдаңыз (Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам оған қалай хабарласқаныңызды қалайтынына қарай), одан кейін қоңырау шалу үшін нөмірді немесе электрондық пошта мекенжайын таңдаңыз. Адамдарды «Контактілер» қолданбасына қосу үшін iPhone пайдаланушы нұсқаулығындағы Контакт ақпаратын қосу және пайдалану бөлімін қараңыз. | ||||||||||
Қоңыраулардағы опциялар | Сипаттама | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Пернетақта | Дауыстық қоңыраулар кезінде телефон пернетақтасын қолдануға рұқсат етіңіз. | ||||||||||
Динамик | Дауыстық қоңыраулар кезінде динамикті қолдануға рұқсат етіңіз. | ||||||||||
Қоңырау шалу
Белсенді болмаса, Қарапайым режимге кіріңіз, одан кейін «Қоңыраулар» қолданбасына
өтіңіз.Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Таңдаулы контактіге қоңырау шалу: Контактіні түртіңіз, одан кейін «Қоңырау шалу» түймесін түртіңіз.
Кез келген контактіге қоңырау шалу: «Контактілер» қолданбасын түртіп, бір контактіні таңдаңыз, одан кейін «Қоңырау шалу» түймесін түртіңіз.
Кез келген телефон нөміріне қоңырау шалу: Пернетақтаны түртіп, телефон нөмірін енгізіңіз, содан кейін «Қоңырау шалу» түймесін түртіңіз.
Өзіңізге керек контактілерді көрмесеңіз, олар Қарапайым режимді пайдаланып отырған адамның қоңырау шалуға рұқсаты бар адамдар тізіміне қосылғанын тексеріңіз. «Қоңыраулар» қолданбасын қосу бөлімін қараңыз.
Кеңес: Таңдаулы контактілер қосу арқылы «Қоңыраулар» қолданбасының жұмысын жеңілдетуге болады. Қарапайым режимді пайдаланатын адам «Қоңыраулар» қолданбасын ашқанда, ол бірінші экраннан таңдаулы контактілерін көреді.
Тұтқаны қою үшін «Қоңырауды аяқтау» түймесін түртіңіз, одан кейін растау үшін «Қоңырауды аяқтау» түймесін қайтадан түртіңіз.
Қоңырауға жауап беру
Қарапайым режимде кіріс қоңырауына жауап беру үшін «Жауап беру» түймесін түртіңіз. Қоңырауға жауап бергіңіз келмесе, «Жауап бермеу» түймесін түртіңіз, одан кейін растау үшін «Жауап бермеу» түймесін қайтадан түртіңіз.
Егер «Хабарландыру жапсырмаларын көрсету» параметрін қосқан болсаңыз, Қарапайым режимді қолданып отырған адам қайта қоңырау шалуға рұқсат етілген контактіден қоңырауды жіберіп алған кезде, «Құлыптау экраны» мен «Қоңыраулар» қолданбасы хабарландыру белгішесін көрсетеді. Қоңырау кімнен келгенін көру үшін «Қоңыраулар» қолданбасына өтіңіз. Қоңырау таңдаулы контактіден келмеген болса, «Соңғылар» опциясын түртіңіз.
Төтенше жағдай қоңырауын шалу
iPhone құлыптаулы болса да, Қарапайым режим белсенді кезде төтенше жағдай қоңырауын шала аласыз.
Маңызды: Төтенше жағдай қоңырауларын шалу үшін ұялы байланыс қызметі қолжетімді болуы керек. iPhone құрылғысында төтенше жағдай сервистеріне хабарласудың белгілі бір маңызды аспектілері Қарапайым режимде басқаша. Қарапайым режимдегі белгілі бір айырмашылықтарды түсіну бөлімін қараңыз.
Бүйірлік түймені (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) немесе «Басты бет» түймесін үш рет басыңыз (басқа iPhone үлгілерінде), одан кейін «Төтенше жағдай» түймесін түртіңіз.
Төтенше жағдай нөмірін (мысалы, 112) теріңіз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Қарапайым режимдегі кез келген экранда Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам алдыңғы экранға оралу үшін «Артқа» түймесін әрқашан түрте алады.