iOS 26
iPhone құрылғысында Қарапайым режим үшін «Лупа» қолданбасын баптау
iPhone құрылғысында Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам «Лупа» қолданбасын мәтін мен айналасындағы заттарды үлкейтіп көру үшін пайдалана алады. «Лупа» қолданбасын Қарапайым режимді баптау кезінде немесе кейін кез келген уақытта қосуға болады.

«Лупа» қолданбасын қосу
Белсенді болса, Қарапайым режимнен шығыңыз.
«Реттеулер» қолданбасына
өтіңіз.
«Қолжетімділік» түймесін, одан кейін «Қарапайым режим» түймесін түртіңіз.
«Қолданбаларды басқару» түймесін түртіңіз, одан кейін «Лупа» түймесінің жанындағы
түймесін түртіңіз.