iOS 26
iPhone құрылғысында Қарапайым режим үшін «Теледидар» қолданбасын баптау
iPhone құрылғысында Қарапайым режимді пайдаланатын адам Apple TV
қолданбасында жүктеп алынған шоулар мен фильмдерді ойната алады. «Теледидар» қолданбасын Қарапайым режимді баптау кезінде немесе кейін кез келген уақытта қосуға болады.

«Теледидар» қолданбасын қосу
Белсенді болса, Қарапайым режимнен шығыңыз.
«Реттеулер» қолданбасына
өтіңіз.«Қолжетімділік» түймесін, одан кейін «Қарапайым режим» түймесін түртіңіз.
«Қолданбаларды басқару» түймесін түртіңіз, одан кейін «Теледидар» түймесінің жанындағы
түймесін түртіңіз.Ескертпе: Қарапайым режимде қаралуы үшін шоулар мен фильмдер Apple TV
қолданбасында жүктеп алынуы тиіс. Шоуларды, фильмдерді және шараларды жүктеп алу және трансляциялау атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.