iPhone құрылғысы үшін отбасылық мүмкіндіктермен Қарапайым режимді баптау
Отбасыңыздың мүшесі iPhone құрылғысында Қарапайым режимді пайдаланса, музыканы, фильмдерді және т.б. олармен оңай бөлісе алуыңыз үшін оларды «Отбасылық қол жеткізу» тобыңызға қосуыңызға болады.
«Отбасылық қол жеткізу» тобын баптау және басқару жолын үйрену үшін iPhone, iPad немесе Mac құрылғысында «Отбасылық қол жеткізу» мүмкіндігін баптау жолы атты Apple қолдау көрсету сервисінің мақаласын қараңыз.
iCloud сервисіндегі ортақ фотолар жинағын фотосуреттер мен бейнелерді Қарапайым режимді пайдаланып отырған біреумен бөлісу үшін пайдалануыңызға да болады. iPhone немесе iPad құрылғысында iCloud сервисіндегі ортақ фотолар жинағын пайдалану жолы атты Apple қолдау көрсету сервисінің мақаласын қараңыз.