iOS 18
iPhone құрылғысын Қарапайым режиммен лупа сияқты пайдалану
iPhone құрылғысында Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам «Лупа» қолданбасын мәтін мен айналасындағы заттарды үлкейтіп көру үшін пайдалана алады.
«Лупа» қолданбасы басты экранда болмаса, оны қосуыңызға болады. Қарапайым режим үшін қолданбалар қосу, жою және теңшеу бөлімін қараңыз.
iPhone құрылғысын лупа сияқты пайдалану
Белсенді болмаса, Қарапайым режимге кіріңіз, одан кейін «Лупа» қолданбасына өтіңіз.
iPhone камерасын маңайдағы бір затқа немесе мәтінге қаратыңыз.
«Үлкейту» немесе «Кішірейту» түймесін түртіңіз.
Қарапайым режимдегі кез келген экранда Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам алдыңғы экранға оралу үшін «Артқа» түймесін әрқашан түрте алады.