MacBook Pro компьютеріңізбен сыртқы дисплейді пайдалану
MacBook Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt порттары бейне шығысын қолдайды. MacBook Pro компьютеріңізбен сыртқы дисплейді, проекторды немесе HDTV теледидарын пайдалана аласыз.
VGA дисплейін немесе проекторды қосыңыз: Мониторды немесе проекторды MacBook Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt 3 (USB-C) портына қосу үшін USB-C VGA Multiport Adapter адаптерін пайдаланыңыз.
HDMI дисплейін немесе HDTV теледидарын қосыңыз: HDMI дисплейін немесе HDTV теледидарын MacBook Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt 3 (USB-C) портына қосу үшін USB-C Digital AV Multiport Adapter адаптерін пайдаланыңыз.
USB-C дисплейін қосу: Дисплейді MacBook Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt 3 (USB-C) портына қосыңыз.
Ескертпе: 16дюймдік MacBook Pro, сонымен қатар кейбір 13 дюймдік және 15 дюймдік үлгілер толық 6K ажыратымдылығын Apple Pro Display XDR мониторында қолдай алады. Apple Pro Display XDR мониторын орнату және пайдалану атты Apple Support мақаласының «Жүйе талаптары және үйлесімді Mac үлгілері» бөлімін қараңыз.
Сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланылатын адаптерлер туралы мәліметтерді MacBook Pro компьютерінің қосалқы құралдары бөлімінен қараңыз. Адаптерлер мен басқа қосалқы құралдар бөлек сатылады. Қосымша ақпарат пен қолжетімділік үшін apple.com торабына кіріңіз, жергілікті Apple Store дүкеніне немесе басқа сатушыларға барыңыз. Дұрыс өнімді таңдағаныңызды тексеру үшін құжаттаманы қарап шығыңыз немесе өндірушіден сұраңыз. Mac компьютеріңіздегі немесе iPad Pro құрылғыңыздағы Thunderbolt 3 немесе USB-C портына арналған адаптерлер бөлімін қараңыз.
Кеңес: Apple TV теледидарына қосылған HDTV теледидарыңыз болса, теледидарда MacBook Pro экранын 1080p HD мәніне дейінгі ажыратымдылықта көрсету үшін AirPlay мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Мәліметтерді Mac компьютеріңізде AirPlay қызметін пайдалану бөлімінен қараңыз.
Қосымша мәліметтер. Жұмыс үстелін кеңейту, бейнені көрсету және басқа дисплей теңшелімдері туралы мәліметтерді Mac компьютеріңізбен сыртқы мониторларды пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз. Сыртқы мониторлармен ақауды жою үшін Mac компьютеріңізге қосылған сыртқы мониторлардағы бейне ақаулары бойынша көмек алу бөлімін қараңыз.