Reminders
Reminders тапсырмаларыңыздың барлғын бақылап отыруды бұрынғыдан да оңайлатады. Азық-түліктер тізімі, жұмыстағы жобалар немесе бақылағыңыз келетін барлық нәрсе үшін еске салғыштар дасаңыз және ұйымдастырыңыз. Еске салғыштарды алатын уақыт пен орынды таңдауыңызға да болады. Жобаның ортақ тапсырмаларын тағайындау үшін топтар жасаңыз.
Смарт тізімдермен бақылаңыз. Смарт тізімдер алдағы еске салғыштарыңызды төрт санатқа автоматты түрде сұрыптайды. Today параметрін бүгінге жоспарланған барлық еске салғыштарыңызды, сонымен қатар барлық мерзімі өткен еске салғыштарды қарау үшін таңдаңыз. Scheduled параметрін күндері мен уақыттары бір хронологиялық көріністегі еске салғыштарыңызды көру үшін таңдаңыз. Flagged параметрін маңызды ретінде белгіленген еске салғыштарды көру үшін таңдаңыз. All параметрін барлық еске салғыштарыңызды бір орында көру үшін таңдаңыз.
Пайдалы ұсыныстарды пайдаланыңыз. Reminders бұрын жасаған ұқсас еске салғыштарыңыздың негізінде күндерді, уақыттарды және орындарды автоматты түрде ұсынады.
Жауапкершілікті тағайындаңыз. Еске салғыштарды тізімдерді бөліскен адамдарыңызға тағайындаңыз, сонда олар хабарландыру алады. Тапсырмаларды бөліңіз және барлық адамдардың өздерінің неге жауапты екендерін білетінін тексеріңіз. Тізімді бөлісу File > Share List тармағын таңдаңыз.
Ішкі тапсырмалармен және топтармен ұйымдастырыңыз. Еске салғышты ішкі тапсырмаға айналдыру үшін Command-] пернелер тіркесімін басыңыз немесе оны басқа еске салғыштың үстіне сүйреңіз. Негізгі еске салғыш қалың болады, ал ішкі тапсырма оның астында шегіндіріледі. Көрінісіңізді кедергісіз ұстау сақтау үшін ішкі тапсырмаларыңызды тасалауыңызға немесе жаюыңызға болады.
Еске салғыштарды бірге топтау үшін File > New Group тармағын таңдаңыз. Топқа қалаған атауыңызды беріңіз. Тізімдерді топқа сүйреу арқылы көбірек тізімдер қосыңыз немесе оларды сыртқа сүйреу арқылы оларды жойыңыз.
Mail қызметінде еске салғыш ұсыныстарын алыңыз. Mail қызметінде біреумен хат алмасып отырсаңыз, Siri ықтимал еске салғыштарды таниды және оларды жасау үшін сізге ұсыныстар жасайды.
Еске салғышты жылдам қосыңыз. Еске салғышты жылдам қосу үшін табиғи тілді пайдаланыңыз. Мысалы, сол күн мен уақытта қайталанатын еске салғыш жасу үшін «Take Amy to soccer every Wednesday at 5PM» деп жазыңыз.
Touch Bar құралын пайдаланыңыз. Reminders қолданбасында Touch Bar тақтасын жаңа элементтерді қосу, аяқталған элементтерді белгілеу, элементке жалауша қою немесе еске салғышқа ақпарат, уақыт немесе орын қосу үшін пайдаланыңыз.
Қосымша мәліметтер. Reminders пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.