MacBook Pro компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану
MacBook Pro компьютеріңізді iPhone, iPad, iPod touch немесе Apple Watch құрылғылармен пайдаланудың көптеген жолдары бар. Apple Watch құрылғыңызбен файлдарды тасымалдауыңызға, құжаттарды бөлісуіңізге және өңдеуіңізге, MacBook Pro компьютеріңіздің құлпын ашуыңызға, iPhone немесе iPad құрылғыңызды Интернеттің негізгі нүктесіне айналдыруыңызға, MacBook Pro компьютеріңізден қоңырауларға жауап беруіңізге және мәтіндік хабарлар жіберуіңізге және т.б. әрекеттерді орындауыңызға болады.
Құрылғыларыңыздағы мазмұнға қатынаңыз. iCloud қызметімен әрқашан жаңартылған күйде болу үшін құжаттарыңызды, фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді құрылғыларда қауіпсіз сақтауыңызға, өңдеуіңізге және бөлісуіңізге болады. Жұмысты бастау үшін Mac компьютеріңіздегі iCloud мазмұныңызға қатынау бөлімін қараңыз.
Mac компьютеріңізді бірінші орнатқанда iCloud параметрін қоспаған болсаңыз, System Preferences терезесін ашыңыз, Sign In түймесін басыңыз, одан кейін Apple ID идентификаторыңызбен кіріңіз немесе жоқ болса, жаңа Apple ID идентификаторын жасаңыз. iCloud түймесін басыңыз, одан кейін iCloud мүмкіндіктерін қосыңыз немесе өшіріңіз. Қосымша мәліметтерді macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютерінде iCloud мүмкіндіктерін орнату бөлімінен қараңыз.
MacBook Pro компьютеріңізді басқа құрылғылармен пайдаланыңыз. MacBook Pro компьютеріңіз бен басқа құрылғылардың арасында Continuity мүмкіндігін пайдаланып жатық жылжуыңызға болады. Жай ғана әрбір құрылғыда Apple ID идентификаторыңызбен кіріңіз, сонда MacBook Pro компьютеріңіз бен құрылғыларыңыз бір-біріне жақын кезде олар керемет жолдармен бірге жұмыс істейді. Тапсырманы бір құрылғыда бастап, оны екіншісінде аяқтауыңызға (Mac компьютеріңізде Handoff мүмкіндігін пайдалану бөлімін қараңыз), құрылғылар арасында көшіріп, қоюыңызға (Mac компьютеріңіздегі Universal Clipboard мүмкіндігін пайдалану бөлімін қараңыз), қоңырауларға MacBook Pro компьютеріңізден жауап беруіңізге немесе мәтіндік хабарлар жіберуіңізге (Mac компьютеріңіздегі телефон қоңыраулары мен мәтіндік хабарлар бөлімін қараңыз), файлдарды AirDrop қызметімен тасымалдауыңызға (AirDrop қызметін Mac компьютеріңізде пайдалану бөлімін қараңыз) және т.б. тапсырмаларды орындауыңызға болады. Қосымша орнату ақпараты үшін келесі бөлімдерді қараңыз.
Continuity мүмкіндігін қолдайтын құрылғылардың жүйе талаптарының тізімін Mac компьютеріндегі, iPhone, iPad, iPod touch және Apple Watch құрылғыларындағы Continuity мүмкіндігінің жүйе талаптары атты Apple Support мақаласынан қараңыз. Continuity мүмкіндігін MacBook Pro компьютеріңізбен пайдалану туралы қосымша мәліметтер алу үшін Mac, iPhone, iPad, iPod touch және Apple Watch құрылғыларыңызды қосу үшін Continuity мүмкіндігін пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз немесе Барлық құрылғыларыңыз бөліміне өтіңіз.