Қосалқы құралдары бар 16 дюймдік MacBook Pro компьютерінің бүйірлік көрінісі.

Жаңа Mac компьютеріңізді қарау

MacBook Pro компьютерінің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспені алыңыз.

MacBook Pro компьютерін шолып шығыңыз

13 дюймдік MacBook Pro компьютерінің жоғарыдан көрінісі.

Жұмысты бастағыңыз келеді ме?

MacBook Pro компьютеріңізді қақпағын ашу немесе оны қуат көзіне қосу, не болмаса кез келген пернені басу арқылы іске қосыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.

MacBook Pro компьютеріңізді орнату

Түрлі құрылғылардан ашылған iCloud мазмұны.

Үндестірген күйде болыңыз

iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және MacBook Pro компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.

MacBook Pro компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану

MacBook Pro компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.

Шығармашылыққа ерік беріңіз

MacBook Pro компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз. Музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. Көрсетілімдер жасаңыз. Және App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді Apple M1 чипі бар Mac компьютерлерінде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.

Mac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметер алу

Maps, Safari және Messages қолданбаларының қабаттасқан экрандары.

Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз

macOS жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер, қосылған қолданбалар және MacBook Pro компьютеріңіз туралы ақпарат алыңыз.

MacBook Pro компьютеріңіздегі жаңа мүмкіндіктер туралы мәліметтер алыңыз

MacBook Pro Essentials нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз. Нұсқаулықты Apple Books қызметінен (қолжетімді жерде) жүктеп алуыңызға да болады.

Көбірек көмек керек болса, MacBook Pro Support веб-торабына кіріңіз.

Барлық мүмкіндіктер мен мазмұн барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.