Mac компьютеріңіздегі System Settings терезесі
System Settings терезесінде MacBook Pro компьютеріңізді теңшеуіңізге және олардың параметрлерін қажеттіліктеріңізге сай етіп реттеуіңізге болады. Мысалы, тұсқағазыңыз да болатын экран суретін қосуыңызға, хабарландыруларды басқаруыңызға, Display реттеулерімен ашықтықты немесе ажыратымдылықты өзгертуіңізге, Accessibility параметрлерін реттеуіңізге және т.б. әрекеттерді орындауыңызға болады. Ең соғы бағдарламалық жасақтама жаңартуын жүктеп алуыңызға да болады.
Бастау үшін Dock тақтасында түймесін басыңыз немесе Apple мәзірі > System Settings тармағын таңдаңыз, одан кейін бүйірлік тақтада реттегіңіз келетін параметрді басыңыз. Бүйірлік тақтадағы барлық параметрлерді көру үшін төмен жылжытуыңыз керек болуы мүмкін.
Кеңес: Нақты параметрді реттеуді қарап жатсаңыз, бірақ оны қайдан табуға болатынын білмесеңіз, іздеу өрісін пайдаланыңыз. Нәтижелер теріп жатқан кезіңізде бүйірлік тақтада пайда болады.
Экраныңызды құлыптаңыз. MacBook Pro компьютеріңізді дисплейді өшіретін немесе әрекетсіздік мерзімінен кейін экран суретін іске қосатын етіп орнатуыңызға болады. Mac компьютеріңізге оралған кезде экран құлпын ашу үшін құпиясөз талап етуіңізге де болады. Орнату үшін System Settings терезесінде Lock Screen опциясына өтіңіз.
Экран суретін таңдаңыз. Жай қимылды экран суреттері MacBook Pro дисплейіңізді өнер туындысына айналдыра алады, сіз Mac компьютеріңізден алыс кезде және тұсқағазыңыз ретінде. Орнату үшін System Settings терезесінде Screen Saver опциясына өтіңіз. Landscape, Cityscape, Underwater, Earth немесе Shuffle Aerials экран суретін таңдасаңыз, «Show as wallpaper» параметрін қосу арқылы оны тұсқағазыңыз етуіңізге де болады.
Control Center терезесін және мәзір жолағын теңшеңіз. Control Center терезесінде немесе мәзір жолағыңызда пайда болғанын қалайтын параметрлеріңізді таңдаңыз. System Settings терезесінде бүйірлік жолақтағы Control Center түймесін басыңыз, одан кейін опцияларыңызды таңдаңыз.
macOS жүйесін жаңартыңыз. Mac компьютеріңіздің macOS бағдарламалық жасақтамасының ең соңғы нұсқасын іске қосып тұрғанын көру үшін System Settings терезесінде General түймесін, одан кейін Software Update түймесін басыңыз. Бағдарламалық жасақтамаларды автоматты түрде жаңарту үшін параметрлерді көрсетуіңізге болады.
iCloud және Family Sharing параметрлері. iCloud қызметіне MacBook Pro компьютеріңіздегі Apple аккаунтыңызбен кіріңіз, қолданбаларыңыздың iCloud қызметін пайдалану жолын басқарыңыз және Family Sharing мүмкіндігін орнатып, басқарыңыз. Қосымша ақпаратты Mac компьютеріндегі Apple аккаунты және iCloud қызметін MacBook Pro компьютеріңізбен пайдалану бөлімдерінен қараңыз.
Қосымша мәліметтер. System Settings туралы қосымша мәліметтерді Mac компьютерін System Settings терезесімен теңшеу бөлімінен қараңыз.