![16 дюймдің MacBook Pro компьютерінің алдындағы 13 дюймдік MacBook Pro компьютері.](https://help.apple.com/assets/6062258EBFC7E7487E19DBB0/60622592BFC7E7487E19DBC1/kk_KZ/a30dae33fdf21b2f7cd3045ae45f3dd9.png)
MacBook Pro негіздері
![Қосалқы құралдары бар 16 дюймдік MacBook Pro компьютерінің бүйірлік көрінісі.](https://help.apple.com/assets/6062258EBFC7E7487E19DBB0/60622592BFC7E7487E19DBC1/kk_KZ/b0acec434b30abc112099dcf601b0ee0.png)
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
MacBook Pro компьютерінің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспені алыңыз.
Жаңа 14 дюймдік және 16 дюймдік MacBook Pro компьютерін таныстыру
![16 дюймдік MacBook Pro компьютерінің жоғарыдан көрінісі.](https://help.apple.com/assets/6062258EBFC7E7487E19DBB0/60622592BFC7E7487E19DBC1/kk_KZ/87abac60484639de5d8085d8afb2f17d.png)
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
MacBook Pro компьютеріңізді қақпағын ашу немесе оны қуат көзіне қосу, не болмаса кез келген пернені басу арқылы іске қосыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.
![Түрлі құрылғылардан ашылған iCloud мазмұны.](https://help.apple.com/assets/6062258EBFC7E7487E19DBB0/60622592BFC7E7487E19DBC1/kk_KZ/672bd9d2335e8411f4d06f6c9fc315ad.png)
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және MacBook Pro компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.
MacBook Pro компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану
![MacBook Pro компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.](https://help.apple.com/assets/6062258EBFC7E7487E19DBB0/60622592BFC7E7487E19DBC1/kk_KZ/b9283c60687a8a1ec952d37e479cb69e.png)
Көбірек тапсырма орындаңыз
MacBook Pro компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді Apple кремнийі бар Mac компьютеріңізде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.
MacBook Pro компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы қосымша мәліметер алу
![Maps, Safari және Messages қолданбаларының қабаттасқан экрандары.](https://help.apple.com/assets/6062258EBFC7E7487E19DBB0/60622592BFC7E7487E19DBC1/kk_KZ/dd116166c208ed314a5f60493270a44a.png)
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
MacBook Pro, macOS Monterey және қосылған қолданбалардағы жаңа мүмкіндіктер туралы анықтаңыз.
Бұл MacBook Pro негіздер нұсқаулығы қазіргі MacBook Pro үлгілеріне арналған. Нұсқаулықты шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Мазмұны түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз. Нұсқаулықты Apple Books қызметінен (қолжетімді жерде) жүктеп алуыңызға да болады.
Көбірек көмек керек болса, MacBook Pro Support веб-торабына кіріңіз.