Шолып шығыңыз: 13 дюймдік MacBook Pro
Ескертпе: Бұл нұсқаулық қазір жеткізіліп жатқан MacBook Pro үлгілеріне арналған. Сізде қандай үлгі бар екенін білмесеңіз немесе басқа үлгілерге арналған ақпарат пен құжатты табу үшін MacBook Pro компьютеріңіздің үлгісін анықтау атты Apple Support мақаласын қараңыз.
M1 чипі бар 13 дюймдік MacBook Pro компьютерінде келесі мүмкіндіктер бар. Барлық мүмкіндіктер барлық MacBook Pro үлгілерінде қолжетімді бола бермейді.
Thunderbolt / USB 4 порты: Компьютеріңізді зарядтаңыз, деректерді Thunderbolt жылдамдықтарында (40 ГБ/сек.-қа дейін) тасымалдаңыз, дисплейге немесе проекторға, USB 4 сыртқы құрылғыларына қосылыңыз және т.б. әрекеттерді орындаңыз.
3,5 мм құлақаспап ұясы: Сүйікті музыкаңызды немесе фильмдеріңізді тыңдау үшін стерео құлақаспаптарды немесе сыртқы динамиктерді қосыңыз.
Микрофондар: Жанды музыканы жазыңыз, конференция қоңырауларын шалыңыз және дыбысты бірден араластырыңыз. MacBook Pro компьютеріндегі үш микрофонды массив жоғары сигнал-шу қатынасымен және бағыттық сәуле құрылымымен студио сапалы жазбаларды жеткізеді.
Touch Bar: Пернетақтаның жоғарғы жағындағы Touch Bar пайдаланып отырған қолданбаңызға динамикалық түрде бейімделеді. Touch Bar — пернетақтаның кеңейтімі—ол интуитивті таңбашалар мен қолданбаның басқару элементтерін керек кезде және керек жерде көрсетеді. Touch Bar құралында сипау және түрту сияқты таныс қимылдарды пайдалануыңызға болады. 13 дюймдік MacBook Pro компьютеріне арналған Magic Keyboard бөлімін қараңыз.
FaceTime HD камерасы: FaceTime бейне қоңырауларын шалыңыз немесе суреттер мен бейне түсіріңіз. Шам жанып тұрса, камераның қосулы болғаны. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы FaceTime және Mac компьютерінде кірістірілген камераны пайдалану бөлімдерін қараңыз.
Touch ID (қуат түймесі): MacBook Pro компьютеріңізді қосу үшін басыңыз (немесе қақпағын көтеріңіз немесе кез келген пернені басыңыз). Бірінші рет іске қосқанда немесе қайта іске қосқанда құпия сөзіңізді теру арқылы кіруіңіз керек. Touch ID идентификаторын пайдалану жолы туралы қосымша мәліметтерді 13 дюймдік MacBook Pro компьютеріне арналған Magic Keyboard бөлімінен қараңыз.
Force Touch тақтасы: MacBook Pro компьютеріңізді қимылдармен басқарыңыз. Бүкіл тақта беті кез келген жерді оңай баса алуыңыз үшін түйме ретінде әрекет етеді. Қимылдарды пайдалану туралы қосымша мәліметтерді MacBook Pro trackpad бөлімінен қараңыз.