Қосалқы құралдарды MacBook Pro компьютеріңізбен пайдалану
MacBook Pro компьютеріңізді пернетақта, тінтуір немесе трекпад сияқты басқа құрылғылармен; AirPods сияқты тағылатын құрылғылармен; және т.б. қосуыңызға болады. Қосалқы құралдарды қосудың екі жолы бар: Bluetooth технологиясын пайдаланып сымсыз немесе керек-жарақтың кабелін MacBook Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt (USB-C) порттарының біреуіне қосу арқылы.
Бастамастан бұрын. Қосалқы құралды MacBook Pro компьютеріңізге қоспастан бұрын келесі әрекеттерді орындаңыз:
Қосалқы құралыңызбен келген құжааттарды қараңыз.
Кабельмен қосылып отырсаңыз, сізде дұрыс кабель екенін тексеріңіз. Кабельді MacBook Pro компьютеріңіздегі портқа қосу үшін адаптер де қажет болуы мүмкін. Порттар мен олардың мүмкіндіктері туралы қосымша мәліметтерді MacBook Pro компьютерін шолып шығыңыз бөлімінен қараңыз.
MacBook Pro компьютеріңіздің macOS жүйесінің ең соңғы нұсқасына жаңартылғанын тексеріңіз.
Сымсыз қосалқы құралды қосу
Bluetooth қызметін қосыңыз. Мәзір жолағында түймесін басыңыз. Bluetooth белгішесі қосулы кезде ол көк немесе басқа түсте болады. Белгіше сұр түсті болса, Bluetooth функциясын қосу үшін оны басыңыз.
Bluetooth қосалқы құралын жұптаңыз. Bluetooth қосалқы құралын MacBook Pro компьютеріңізбен бірінші рет қолданған кезде оларды жұптауыңыз керек. Қосалқы құралдың жұпталуға дайын екенін тексеру үшін қосалқы құралмен келген құжаттарды қараңыз—мысалы, Bluetooth функциясын қосу үшін қосалқы құралда қосқышты аударуыңыз керек болуы мүмкін. Mac компьютеріңіз бен қосалқы құралдың екеуі де қосулы дәне бір біріне жақын болуы тиіс.
Қосалқы құралыңыз жұптауға дайын кезде Mac компьютеріңізде System Settings терезесін ашыңыз және бүйірлік тақтада Bluetooth түймесін басыңыз. Nearby Devices тізімінде қосалқы құралды таңдаңыз, одан кейін Connect түймесін басыңыз.
Bluetooth қосалқы құралын қосыңыз. Қосалқы құралды жұптағаннан кейін, ол MacBook Pro компьютеріңізге автоматты түрде қосылады. MacBook Pro компьютеріңізге қандай Bluetooth құрылғыларын қосқаныңызды мәзір жолағында тармағын басу арқылы тексере аласыз, одан кейін меңзерді Bluetooth белгішесінің үстіне апарып, түймесін басыңыз. Тізімде көк (немесе басқа түсті) белгішемен пайда болатын керек-жарақтар қосылған.
Қосалқы құралыңыз автоматты түрде қосылмаса, Mac компьютеріңізде System Settings терезесін ашып, Bluetooth түймесін басыңыз. Қосалқы құралдың My Devices тізімінде пайда болатынын тексеріңіз. Ол пайда болмаса, қосалқы құралды жұптау үшін қадамдарды орындаңыз.
Bluetooth қосалқы құралын ажырату немесе ұмыту. Bluetooth қосалқы құралын ажырату үшін Mac компьютеріңізде System Settings терезесін ашыңыз және Bluetooth түймесін басыңыз. My Devices тізімінде меңзеріңізді қосалқы құрал үстіне жылжытыңыз, одан кейін Disconnect түймесін басыңыз. MacBook Pro компьютеріңіз автоматты түрде қосылмауы үшін Bluetooth керек-жарағын ұмыту үшін керек-жарақтың жанындағы белгішесін басыңыз, одан кейін Forget This Device түймесін басыңыз.
Magic Mouse, Magic Trackpad немесе Magic Keyboard пернетақтасын қосыңыз. Magic Mouse, Magic Trackpad немесе Magic Keyboard пернетақтасын MacBook Pro компьютеріңізге қосалқы құралыңызбен берілген кабельді пайдаланып қосыңыз. Одан кейін, қосалқы құралыңыздағы қосқышты жасыл көрінетіндей етіп сырғытыңыз. Қосалқы құралыңыз кейін Mac компьютеріңізбен жұпталады.
Қосалқы құрал MacBook Pro компьютерімен жұпталғаннан кейін кабельді ажыратып, қосалқы құралды сымсыз пайдалануыңызға болады. Magic Mouse, Magic Trackpad немесе Magic Keyboard пернетақтаңыз Bluetooth функциясы қосулі кезде Mac компьютеріңізге автоматты түрде қосылады.
AirPods құлаққаптарын MacBook Pro компьютеріңізбен қосыңыз. AirPods құлаққаптарын жұптау және қосу үшін AirPods құлаққаптарын Apple құрылғысымен жұптау бөлімін қараңыз.
Қосалқы құралды кабельмен қосу
Кейбір қосалқы құралдарды MacBook Pro компьютеріңізге кабельмен қосуға болады. Қосалқы құрал мен кабельдің мүмкіндіктеріне байланысты қосалқы құралды зарядтай алуыңыз немесе қосылған кезде деректерді тасымалдай алуыңыз да мүмкін.
Қосалқы құралды қоспастан бұрын онымен келген құжатты қараңыз. Кейбір қосалқы құралдарда қосылуы керек қосымша қуат көзі болады.
Керек-жарақты қосу үшін керек-жарағыңыздағы портқа, сонымен қатар MacBook Pro компьютеріңіздегі Thunderbolt (USB-C) портына сәйкес келетін кабельді пайдалануыңыз керек. Кабеліңізде Mac компьютеріңізге арналған дұрыс қосқыш болмаса, кабельді қосу үшін адаптерді пайдалануыңызға болады. Адаптерлер, олардың көрінісі және қандай порттарды пайдалану керектігі туралы қосымша ақпаратты Mac компьютеріңіздегі Thunderbolt 4, Thunderbolt немесе USB-C портына арналған адаптерлер бөлімінен қараңыз.
Кеңес: Кейбір керек-жарақтар бірінші рет қосылған кезде мақұлдануы керек, қосымша мәліметтерді Керек-жарақтардың Mac компьютеріне қосылуына рұқсат ету бөлімінен қараңыз.
Қосымша мәліметтер. Mac компьютеріндегі Bluetooth параметрлері және Mac компьютеріндегі USB туралы бөлімдерін қараңыз. Magic Mouse, Magic Trackpad немесе Magic Keyboard пернетақтасын қосу туралы қосымша мәліметтерді Magic Keyboard, Magic Mouse немесе Magic Trackpad тақтаңызды Mac компьютеріңізбен орнату бөлімінен қараңыз. USB құрылғыларының ажыратылғаны туралы ескертпе көрсеңіз, Mac компьютеріңізде USB Devices Disabled ескертпесін көрсеңіз бөлімін қараңыз.