MacBook Air компьютерін шолып шығыңыз
Ескертпе: Бұл нұсқаулық Retina дисплейі бар 13 дюймдік MacBook Air компьютеріне арналған. Сізде қандай MacBook Air компьютері бар екенін білмесеңіз немесе басқа үлгілер туралы ақпарат алу үшін MacBook Air компьютеріңіздің үлгісін анықтау атты Apple Support мақаласын қараңыз.
MacBook Air компьютерінде келесі кірістірілген мүмкіндіктер бар:
Thunderbolt 3 (USB-C) порттары: Компьютеріңізді зарядтаңыз, деректерді Thunderbolt жылдамдықтарында (40 ГБ/сек.-қа дейін) тасымалдаңыз, дисплейге немесе проекторға қосылыңыз және т.б. әрекеттерді орындаңыз.
3,5 мм құлақаспап ұясы: Сүйікті музыкаңызды немесе фильмдеріңізді тыңдау үшін стерео құлақаспапты немесе сыртқы динамиктерді қосыңыз.
FaceTime HD камерасы: FaceTime бейне қоңырауларын шалыңыз немесе суреттер мен бейне түсіріңіз. Шам жанып тұрса, камераның қосулы болғаны. FaceTime бөлімін қараңыз.
Touch ID (қуат түймесі): MacBook Air компьютеріңізді қосу үшін басыңыз (немесе жай ғана қақпақты көтеріңіз). Бірінші рет іске қосқанда немесе қайта іске қосқанда құпия сөзіңізді теру арқылы кіруіңіз керек. Touch ID функциясын орнатқаннан кейін құпия сөзіңізді терудің орнына (бірінші кіргеннен кейін) түртумен түпнұсқалықты растай аласыз және Touch ID идентификаторын Apple Pay сатып алулары үшін пайдалануыңызға болады. MacBook Air Keyboard бөлімін қараңыз.
Микрофондар: Достарыңызбен сөйлесіңіз немесе дыбысты бірнеше кірістірілген микрофонмен жазыңыз.
Force Touch тақтасы: MacBook Air компьютеріңізді қимылдармен басқарыңыз. Бүкіл тақта беті кез келген жерді оңай баса алуыңыз үшін түйме ретінде әрекет етеді. Қимылдарды пайдалану туралы қосымша мәліметтерді MacBook Air Trackpad бөлімінен қараңыз.