Mac компьютеріңіздің құлпын Apple Watch құрылғысымен ашу
Компьютерден шамамен үш метр қашықтықта кезде MacBook Air компьютеріңіздің құлпын автоматты түрде ашу үшін түпнұсқалығы расталған Apple Watch құрылғыңызды пайдаланыңыз. Жай ғана Mac компьютеріңізді оятып, оны пайдалана бастаңыз—құпия сөзді енгізудің қажеті жоқ. Apple Watch және MacBook Air арасында қауіпсіз байланысты қамтамасыз ету үшін Auto Unlock күшті шифрлауды пайдаланады.
Ескертпе: Auto Unlock — macOS Sierra немесе одан кейінгі жүйесі іске қосылған Mac компьютерлеріне (mid-2013 немесе одан кейінгі) және watchOS 3 немесе одан кейінгі жүйесі іске қосылған Apple Watch құрылғысына арналған мүмкіндік.
Apple ID үшін екі факторлы түпнұсқалықты растауды орнатыңыз. Auto Unlock мүмкіндігі Apple ID идентификаторында екі факторлы түпнұсқалықты растау қосылған кезде жұмыс істейді. Apple мәзірі > System Preferences > iCloud > Account Details тармағына өтіңіз, Security түймесін басыңыз, одан кейін Set Up Two-Factor Authentication параметрін таңдаңыз. Apple ID үшін екі факторлы түпнұсқалықты растау атты Apple Support мақаласын қараңыз.
«Disable automatic login» параметрінің де қосылғанын тексеріңіз. (FileVault мүмкіндігін пайдаланып жатсаңыз бұл параметрді көрмейсіз, бірақ Auto Unlock мүмкіндігін әлі де пайдалана аласыз.)
Auto Unlock мүмкіндігін орнатыңыз. iCloud қызметіне барлық құрылғыларда бірдей Apple ID идентификаторымен кіріңіз, одан кейін Dock тақтасында System Preferences белгішесін басыңыз немесе Apple мәзірі > System Preferences тармағын таңдаңыз. Security & Privacy түймесін басыңыз, одан кейін «Allow your Apple Watch to unlock your Mac» параметрін таңдаңыз.
Ескертпе: Auto Unlock тек Apple Watch құрылғысының түпнұсқалығы құпия кодпен расталған кезде жұмыс істейді. Apple Watch құрылғысын таққан сайын оның түпнұсқалығын растайсыз, сонда құпия кодты енгізгеннен кейін ешқандай қосымша қадамдар қажет емес.
Кіруді өткізіңіз. Білегіңізге түпнұсқалығы расталған Apple Watch құрылғыңызды киіп тұрып ұйқыдағы MacBook Air компьютеріңізге қарай жүріңіз және MacBook Air компьютеріңізді ояту үшін қақпақты көтеріңіз немесе пернені басыңыз—Apple Watch бірден жұмысқа кірісуіңіз үшін оның құлпын ашады.
Қосымша мәліметтер. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріңіздің құлпын Apple Watch құрылғысыман ашу бөлімін қараңыз.