MacBook Air негіздері
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
MacBook Air компьютерінің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспе алыңыз.
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
MacBook Air компьютеріңізді қақпағын ашу немесе оны қуат көзіне қосу, не болмаса кез келген пернені басу арқылы іске қосыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және MacBook Air компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.
MacBook Air компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану
Шығармашылыққа ерік беріңіз
MacBook Air компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз. Музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. Көрсетілімдер жасаңыз. Және App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды табыңыз.
Mac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметер алу
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
macOS жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер, қосылған қолданбалар және MacBook Air компьютеріңіз туралы ақпарат алыңыз.
MacBook Air негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз.
Көбірек көмек керек болса, MacBook Air Support веб-торабына кіріңіз.