Жаңа Mac компьютеріңізді қарау

MacBook Air компьютерінің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспе керек пе?

MacBook Air компьютерін шолып шығыңыз

Жұмысты бастағыңыз келеді ме?

MacBook Air компьютеріңізді қақпағын ашу немесе оны қуат көзіне қосу, не болмаса кез келген пернені басу арқылы іске қосыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.

Mac компьютеріңізді іске қосу

Үндестірген күйде болыңыз

iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге, музыкаға, қолданбаларға және күнтізбелерге барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және MacBook Air компьютеріңізді iOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, хабарлар жіберу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.

MacBook Air компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану

Шығармашылыққа ерік беріңіз

Өзіңізді идеяларыңызға қарай көптеген жолдармен жеткізу үшін фотосуреттеріңізді өңдеңіз, альбомдарыңызды реттеңіз және естеліктеріңізді Photos қолданбасымен бөлісіңіз; iTunes қолданбасымен музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. реттеңіз және тыңдаңыз; Keynote қолданбасымен көрсетілімдер жасаңыз; және App Store дүкенінде барлық қолжетімді қолданбаларды алыңыз.

Mac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметер алу

Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.