Mac компьютеріңізде Apple Pay қызметін пайдалану
MacBook Air компьютеріндегі Apple Pay қызметін пайдаланып веб-тораптарда оңай, қауіпсіз және жеке сауда жасай аласыз. Apple Pay қызметімен несие немесе дебет картаңыздың ақпаратын Apple корпорациясы ешқашан сақтамайды немесе сатушымен бөліспейді. Safari шолғышын пайдаланып онлайн дүкен аралағанда Apple Pay түймесін іздеңіз. Сатып алуды MacBook Air компьютеріңіздегі Touch ID құралын пайдаланып аяқтауыңызға болады. Болмаса, сатып алуды аяқтау үшін iPhone немесе Apple Watch құрылғыңызды пайдаланыңыз. Мәліметтер үшін оқуды жалғастырыңыз.
Ескертпе: Apple Pay қолданбасы барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. Apple Pay туралы ақпарат алу үшін www.apple.com/apple-pay торабына өтіңіз. Ағымдағы карта шығарушылары туралы ақпаратты Apple Pay қатысушы банктері атты Apple Support мақаласынан қараңыз.
Touch ID құралын пайдаланып сауда жасаңыз. MacBook Air компьютеріңізде орнату кезінде Apple Pay қызметін теңшеуге нұсқау беріледі. Веб-торапта Apple Pay параметрін таңдаған кезіңізде, түпнұсқалықты растау және сатып алуыңызды аяқтау үшін саусағыңызды Touch ID сенсорына жайлап қойыңыз.
Ескертпе: MacBook Air компьютеріңізді бірінші рет іске қосқанда Apple Pay қызметін орнатуды таңдамасаңыз, оны кейін System Preferences терезесінің Wallet & Apple Pay тақтасында орната аласыз. Онда төлем карталарын басқарыңыз—карталар қосыңыз немесе жойыңыз және байланыс ақпаратына жаңартулар енгізіңіз.
Apple Pay туралы қосымша ақпарат алу үшін Apple Pay қызметін орнату, Apple Pay қызметін пайдалану жолы және Apple Pay қызметімен пайдаланатын карталарыңызды басқару атты Apple Support мақалаларын қараңыз.