Бірге келетін қосалқы құралдары бар MacBook Air компьютерінің бүйірлік көрінісі.

Жаңа Mac компьютеріңізді қарау

MacBook Air компьютерінің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспе алыңыз.

Шолып шығыңыз: MacBook Air

Экранында «hello» сөзі және «Get Started» деген түймесі бар ашық тұрған MacBook Air.

Жұмысты бастағыңыз келеді ме?

MacBook Air компьютеріңізді қақпағын ашу және кез келген пернені басу арқылы іске қосыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.

MacBook Air компьютеріңізді орнату

FaceTime, Shortcuts және Messages қолданбаларының қабаттасқан экрандары.

Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз

Жаңа macOS Sonoma жүйесінде және қосылған қолданбаларыңызда қандай жаңа мүмкіндіктер барын табыңыз.

macOS Sonoma жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер

MacBook Air компьютерінің жоғарғы көрінісі.

Mac компьютерін жаңадан қолданып жатсаңыз

macOS Sonoma жүйесі бар жаңа MacBook Air компьютеріңіздің орындай алатын нәрселерін ашыңыз. Әсіресе, Windows компьютерінен ауысып жатсаңыз, бұл кеңестер мен әдістер сізге жұмысты бастауыңызға көмектеседі.

Mac компьютерін білмейсіз бе?

MacBook Air компьютеріңізге қосылған қолданбалардың белгішелері.

Көбірек тапсырма орындаңыз

MacBook Air компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңіз бен бейнелеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз, көрсетілімдер жасаңыз және музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды, соның ішінде енді Apple Silicon процессоры бар Mac компьютеріңізде іске қосылатын iPhone және iPad қолданбаларын табыңыз.

MacBook Air компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы қосымша мәліметер алу

Бұл MacBook Air негіздері нұсқаулығы қазіргі MacBook Air компьютеріне арналған. Нұсқаулықты шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз немесе іздеу өрісіне сөзді немесе тіркесті енгізіңіз.

Көбірек көмек керек болса, MacBook Air Support веб-торабына кіріңіз.

Барлық мүмкіндіктер мен мазмұн барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді.
Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.