MacBook Air компьютерін шолып шығыңыз
Ескертпе: Бұл нұсқаулық M1 чипі бар ағымдағы 13 дюймдік MacBook Air компьютеріне арналған. Сізде қандай үлгі бар екенін білмесеңіз немесе басқа үлгілерге арналған ақпарат пен құжатты табу үшін MacBook Air компьютеріңіздің үлгісін анықтау атты Apple Support мақаласын қараңыз.
MacBook Air компьютерінде келесі мүмкіндіктер бар:
Thunderbolt / USB 4 порттары: Компьютеріңізді зарядтаңыз, деректерді Thunderbolt 3 және USB 4 жылдамдықтарында (40 ГБ/сек.-қа дейін) тасымалдаңыз, мониторға немесе проекторға қосылыңыз және т.б. әрекеттерді орындаңыз. Порттар iPad немесе зарядталатын сенсорлы тақта немесе пернетақта сияқты құрылғыларды да зарядтай алады.
3,5 мм құлақаспап ұясы: Сүйікті музыкаңызды немесе фильмдеріңізді тыңдау үшін стерео құлақаспапты немесе сыртқы динамиктерді қосыңыз.
FaceTime HD камерасы: FaceTime бейне қоңырауларын шалыңыз немесе суреттер мен бейне түсіріңіз. Камераның жанындағы жасыл индикатор шамы жанып тұрса, камераның қосулы болғаны. macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы FaceTime және Mac компьютерінде кірістірілген камераны пайдалану бөлімдерін қараңыз.
Touch ID (қуат түймесі): MacBook Air компьютеріңізді қосу үшін басыңыз (немесе жай ғана қақпақты көтеріңіз). Mac компьютеріңізді Touch ID түймесін басу арқылы да құлыптауыңызға болады. Бірінші рет іске қосқанда немесе қайта іске қосқанда құпия сөзіңізді теру арқылы кіруіңіз керек. Touch ID функциясын орнатқаннан кейін құпия сөзіңізді терудің орнына (бірінші кіргеннен кейін) түртумен түпнұсқалықты растай аласыз және Touch ID идентификаторын Apple Pay сатып алулары үшін пайдалануыңызға болады. Touch ID бар MacBook Air Magic Keyboard пернетақтасы бөлімін қараңыз.
Микрофондар: Достарыңызбен сөйлесіңіз немесе дыбысты бірнеше кірістірілген микрофонмен жазыңыз.
Force Touch тақтасы: MacBook Air компьютеріңізді қимылдармен басқарыңыз. Бүкіл тақта беті кез келген жерді оңай баса алуыңыз үшін түйме ретінде әрекет етеді. Қимылдарды пайдалану туралы қосымша мәліметтерді MacBook Air trackpad бөлімінен қараңыз.