MacBook Pro компьютерінің батареясын зарядтау
MacBook Pro компьютеріндегі батарея MacBook Pro қуат көзіне қосылған кезде зарядталады.
Батареяны зарядтаңыз. MacBook Pro компьютеріңізді қуат розеткасына берілген USB-C зарядтау кабелін және 61 Вт қуат адаптеріннемесе 96 Вт қуат адаптерін пайдаланып қосыңыз.
Optimized Battery Charging мүмкіндігі күнделікті зарядтау тәртібіңізді үйрену арқылы батареяңыздағы тозуды азайтуға және оның қызмет мерзімін жақсартуға көмектеседі. Ол ұзақ уақыт бойы қуат көзіне қосулы болатыныңызды болжағанда батареяны зарядтауды 80%-ға кідіртеді және батареяны қуат көзінен ажыратпастан бұрын зарядтауды көздейді. Бұл параметрді Battery preferences терезесінде өзгерте аласыз.
MacBook Pro компьютеріңізді Thunderbolt порттарының кез келгенін пайдаланып зарядтауыңызға болады. Батарея компьютер өшірулі немесе ұйқы режимінде кезде жылдамырақ зарядталады.
Батареяның зарядын тексеріңіз. Батареяның деңгейін немесе зарядталу күйін көру үшін мәзір жолағының оң жағындағы battery status белгішесіне қараңыз.
Батареяны пайдалану журналы. System Preferences терезесінде Battery түймесін басыңыз, одан кейін өткен 24 сағаттағы немесе соңғы 10 күндегі батарея қолданысыңызды көру үшін Usage History түймесін басыңыз.
Батарея қуатын сақтаңыз. Берілген зарядпен батареяның қызмет мерзімін ұзарту үшін дисплей жарықтығын азайтуыңызға, қолданбаларды жабуыңызға және пайдаланбай отырған сыртқы құрылғыларыңызды ажыратуыңызға болады. Қуат параметрлеріңізді өзгерту үшін System Preferences терезесінде Battery түймесін басыңыз. MacBook Pro компьютеріңіз оған құрылғы қосулы кезде ұйқы режимінде болса, құрылғы батареясы жұмсалуы мүмкін.
Қосымша мәліметтер. Келесі туралы қосымша ақпарат алу үшін:
Mac компьютеріңіздегі батарея, сонымен қатар ақаулықтарды жою ақпаратын Mac ноутбугінің батареялары туралы атты Apple Support мақалаларынан қараыз
Mac компьютеріңізде батареяны бақылау жолын macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Тасымалы Mac компьютеріңіздің батареясын бақылау бөлімінен қараңыз
Қуат адаптеріңізбен зарядтау проблемалары орын алған жағдайда USB-C қуат адаптеріңіз Mac ноутбугіңізді зарядтамаса және Mac ноутбугіңіз қуат көзіне қосылған кезде «Not Charging» хабарын көрсеңіз атты Apple Support мақалаларын қараңыз
MacBook Pro компьютеріңіздегі ішкі, зарядталатын батарея және сақтау мен өнімділік бойынша кеңестер үшін Apple литий-ионды батареялары торабына өтіңіз