Mac компьютеріңіз үшін маңызды қауіпсіздік ақпараты
ЕСКЕРТУ: Бұл қауіпсіздік нұсқауларын орындамау өртті, токтың соғуын немесе жарақатты не MacBook Neo компьютеріне, кабельдеріне немесе басқа затқа зақым тудыруы мүмкін. MacBook Neo компьютерін пайдаланбастан бұрын төмендегі барлық қауіпсіздік ақпаратын оқыңыз.
Кірістірілген батарея. MacBook Neo компьютеріңізді радиаторлар немесе пеш сияқты температуралары 212 °F (100 °C) дәрежесінен асатын қатты ыстық көздеріне қалдырмаңыз. Кірістірілген аккумуляторға тек оқытылған маман тарапынан немесе жөндеу тек Apple компаниясының жөндеу нұсқаулығындағы нұсқауларды орындау арқылы қызмет көрсетуге болады, себебі аккумулятордың зақымдануы қызып кетуге, өртке немесе жарақатқа әкелуі мүмкін. Apple компаниясының жөндеу нұсқаулығындағы нұсқауларды орындамай, білікті емес техник орындаған немесе үйлесімсіз бөлшектерді пайдалана отырып орындалған аккумуляторды ауыстыру құрылғының қауіпсіздігі мен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін. Жөндеу және қызмет көрсету туралы ақпаратты Mac компьютерін жөндеу және оған қызмет көрсету және Self Service Repair сайттарынан таба аласыз
Ескертпе: Өзіне-өзі қызмет көрсету жөндеуіне қолдау көрсету барлық елде немесе аймақта қолжетімді бола бермейді.
Кірістірілген батареяны тұрмыстық қалдықтан бөлек қайта өңдеу немесе тастау керек. Батареяларды жергілікті қоршаған орта заңдары мен ережелеріне сай тастаңыз. Батареяға қызмет көрсету және оны өңдеу туралы ақпарат алу үшін Батареяға қызмет көрсету және оны өңдеу сайтына өтіңіз. Зарядтау туралы ақпарат алу үшін төмендегі төмендегі «MacBook Neo компьютеріңізді зарядтау» бөлімін қараңыз.
Пайдалану. MacBook Neo компьютеріңізді абайлап ұстаңыз. Ол темірден, шыныдан және пластмассадан жасалған және ішінде сезімтал электрондық компоненттері бар. MacBook Neo компьютеріңізді компьютердің асты мен айналасында ауаның жеткілікті айналуына мүмкіндік беретін тұрақты жұмыс бетіне орналастырыңыз. MacBook Neo компьютеріңіз түскен, күйген, тесілген немесе сынған жағдайда немесе ол майлар мен лосьондар сияқты сұйықтыққа тиген жағдайда зақымдалады. Зақымдалған MacBook Neo компьютерін, мысалы, экраны сынған, пайдаланбаңыз, себеді ол жарақаттауы мүмкін.
USB-C зарядтау кабелін абайлап ұстаңыз. Оның ішінде сезімтал электрондық компоненттер бар. Құрылғыңызды компьютердің асты мен айналасында ауаның жеткілікті айналуына мүмкіндік беретін тұрақты жұмыс бетінде зарядтаңыз. USB-C зарядтау кабелі түскен, күйген, тесілген немесе сынған жағдайда немесе ол майлар мен лосьондар сияқты сұйықтыққа тиген жағдайда зақымдалады. Зақымдалған немесе тозған USB-C зарядтау кабелін пайдаланбаңыз.
Сұйықтыққа қалдыру. MacBook Neo компьютеріңізді сусындар, майлар, лосьондар, шұңғылшалар, ванналар, душ бөлмелері сияқты сұйықтық көздерінен алыс ұстаңыз. MacBook Neo компьютеріңізді жаңбыр, қар және тұман сияқты дымқыл, ылғал немесе сулы ауа райынан қорғаңыз.
MacBook Neo компьютеріңізді зарядтау. MacBook Neo компьютеріңізді 20 Вт USB-C қуат адаптерімен (жинаққа кірсе) және USB-C зарядтау кабелімен зарядтаңыз. USB-C PD портымен үйлесімді және қолданыстағы халықаралық және аймақтық ережелер мен қауіпсіздік стандарттарына сай келетін үшінші тараптың қуат адаптерін және кабелін пайдалануыңызға да болады.
Басқа қуат адаптерлері қолданыстағы қауіпсіздік стандарттарына сай келмеуі мүмкін және осындай қуат адаптерлерімен зарядтау өлім немесе жарақат қаупін төндіруі мүмкін. Зақымдалған қуат адаптерлерін немесе кабельдерді пайдалану, не болмаса ылғал бар кезде зарядтау өртті, ток соғуды, жарақатты немесе MacBook Neo компьютеріне немесе басқа мүлікке зақым келтіруі мүмкін. MacBook Neo компьютеріңізді зарядтау үшін берілген қуат адаптерін пайдаланғанда, қуат адаптерін қуат розеткасына қоспастан бұрын зарядтау кабелінің қуат адаптеріне толық кіргізілгенін тексеріңіз.
Ұзақ қызу әсері. Қалыпты қолданыс кезінде MacBook Neo компьютеріңіз бен оның қуат адаптері өте жылы болуы мүмкін. MacBook Neo және оның 20 Вт USB-C қуат адаптері қолданыстағы ел ережелерінде және халықаралық және аймақтық қауіпсіздік стандарттарында көрсетілген талап етілген беткі температура шектеріне сәйкес келеді. Дегенмен, осы шектер ішінде болса да, жылы беттерге ұзақ уақыт бойы тиіп тұру қолайсыздықты немесе жарақатты тудыруы мүмкін.
Қатты қызу немесе ыстыққа қатысты жарақаттар ықтималдылығын азайту үшін әрқашан MacBook Neo компьютеріңіздің немесе оның қуат адаптерінің айналасында жеткілікті желдету болуына мүмкіндік беріңіз және оларды пайдалану кезінде абайлаңыз. Құрылғы немесе оның қуат адаптері жұмыс істеп тұрғанда немесе қуат көзіне қосылып тұрғанда теріңіз оған ұзақ тиіп тұратын жағдайларды болдырмау үшін жалпы ережелерді пайдаланыңыз. Мысалы, құрылғы немесе қуат адаптері қуат көзіне қосулы тұрғанда онымен ұйықтамаңыз. Құрылғы немесе қуат адаптері қуат көзіне қосылып тұрған кезде, құрылғыны немесе қуат адаптерін жайманың, жастықтың немесе денеңіздің астына қоймаңыз. Желдету саңылауларына ешқашан ешнәрсе тықпаңыз, себебі олай істеу қауіпті болуы және компьютердің қатты қызуына әкелуі мүмкін. MacBook Neo компьютерін пайдалану кезінде пернетақтаның үстіне ешқашан ешнәрсе қоймаңыз. MacBook Neo тізеңізде болса және қолайсыз түрде қызып кетсе, оны тізеңізден алып, тұрақты, жақсы желдетілген жұмыс бетіне қойыңыз. Денеңізге қызуды анықтау мүмкіндігіне әсер ететін физикалық жағдайыңыз болса, айырықша абай болыңыз.
MacBook Neo жүйесінің рейтингтері: 5 В ТТ, 3 А немесе 9 В ТТ, 2,22 А немесе 15 В ТТ, 2 А
20 Вт USB-C қуат адаптері.20 Вт USB-C қуат адаптерін қауіпсіз пайдалану және ыстыққа қатысты жарақат немесе зақым ықтималдылығын азайту үшін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
20 Вт USB-C қуат адаптерін розеткаға тікелей қосыңыз.
Қуат адаптерін ұзарту кабелін пайдаланып отырсаңыз, қуат адаптерін партаға, үстелге немесе жақсы желдетілген жердегі еденге қойыңыз.
MacBook Neo компьютеріңізді немесе оның қуат адаптерін шұңғылша, ванна немесе душ сияқты ылғал жерлерге жақын пайдаланбаңыз немесе қуат адаптерін ылғал қолмен қоспаңыз немесе ажыратпаңыз. Келесі жағдайлардың кез келгені болса, қуат адаптерін суырыңыз және барлық кабельдерді ажыратыңыз:
USB-C кабелі немесе қуат сымы тозған немесе зақымдалған.
20 Вт USB-C қуат адаптерінің аша бөлігі, ашалары немесе адаптер корпусы зақымданған.
MacBook Neo компьютеріңіз немесе 20 Вт USB-C қуат адаптері құлап кетті.
MacBook Neo компьютеріңіз немесе 20 Вт USB-C қуат адаптері жаңбырда, сұйықтықта немесе қатты ылғалда қалған.
MacBook Neo компьютеріне немесе 20 Вт USB-C қуат адаптеріне қызмет көрсету немесе жөндеу қажет деп күдіктенесіз.
MacBook Neo компьютерін немесе 20 Вт USB-C қуат адаптерін тазалағыңыз келеді (тек Mac компьютеріңізге арналған маңызды пайдалану ақпараты бөлімінде сипатталған ұсынылған процедураны пайдаланыңыз).
Қалдықтар қуат портына кірсе, оны құрғақ мақта тампонмен жайлап алыңыз.
20 Вт USB-C қуат адаптерінің сипаттамалары:
Жиілік: 50 - 60 Гц, бір фаза
Желі кернеуі: 100 - 240 В
(USB PD) Шығыс кернеуі: 5 В ТТ/3 А немесе 9 В ТТ/2,22 А
Сұйықтыққа қалдыру. MacBook Neo компьютеріңізді сусындар, майлар, лосьондар, шұңғылшалар, ванналар, душ бөлмелері сияқты сұйықтық көздерінен алыс ұстаңыз. MacBook Neo компьютеріңізді жаңбыр, қар және тұман сияқты дымқыл, ылғал немесе сулы ауа райынан қорғаңыз.
Есту қабілетінен айырылу. Дыбысты жоғары дыбыс деңгейінде тыңдау есту қабілетіңізді зақымдауы мүмкін. Артқы шу, сонымен қатар жоғары дыбыс деңгейінде үздіксіз тыңдау дыбыстарды олардың шын деңгейінен тыныштау етіп көрсетуі мүмкін. MacBook Neo компьютеріңізбен тек үйлесімді құлақ тығындарын, құлаққаптарды немесе құлаққаптарды пайдаланыңыз. Құлаққа аспапты салмастан бұрын, дыбысты қосып, дыбыс деңгейін тексеріңіз. Дыбыс дәне есту бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Ықтимал есту қабілетінің зақымдалуын болдырмау үшін ұзақ уақыт бойы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдамаңыз.
Жөндеу. MacBook Neo компьютеріңізге тек білікті маман тарапынан немесе Apple компаниясының жөндеу нұсқаулығындағы нұсқауларды орындау арқылы қызмет көрсетілуі керек. MacBook Neo компьютеріңізді осындай нұсқауларды орындамай бөлшектеу сізге жарақат келтіруі немесе компьютерге зақым келтіруі мүмкін, бұл оның шектеулі кепілдігімен қамтылмауы мүмкін. Apple компаниясының жөндеу нұсқаулығындағы нұсқауларды орындамай, білікті емес адамдар орындаған немесе үйлесімсіз бөлшектерді пайдалана отырып орындалған жөндеу жұмыстары құрылғының қауіпсіздігі мен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін. MacBook Neo компьютеріңіз зақымдалса немесе бұзылса, қызмет үшін Apple корпорациясына немесе Apple корпорациясының Өкілетті Қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз. Жөндеу және қызмет көрсету туралы ақпаратты Mac компьютерін жөндеу және оған қызмет көрсету және Self Service Repair сайттарынан таба аласыз.
Ескертпе: Өзіне-өзі қызмет көрсету жөндеуіне қолдау көрсету барлық елде немесе аймақта қолжетімді бола бермейді.
Шарлау. Карталар, бағыттар және орынға негізделген қолданбалар деректер қызметтеріне байланысты. Бұл деректер қызметтері өзгеруі мүмкін және барлық аймақтарда қол жетімді бола бермейді, нәтижесінде қол жетімсіз, дәл емес немесе толық емес карталар, бағыттар немесе орынға негізделген ақпаратты береді. Берілген орынға негізделген ақпаратты айналаңызбен салыстырыңыз және сәйкессіздікті шешу үшін қойылған таңбаларға жүгініңіз. Толық назарыңызды талап ететін әрекеттерді орындау кезінде бұл қызметтерді орындамаңыз. Әрқашан шарлау пайдаланылатын аймақтардағы қойылған таңбаларға және қолданыстағы заңдар мен ережелерге сай әрекет етіңіз және әрқашан жалпы ұстанымдарды пайдаланыңыз.
Алаңдату. Кейбір жағдайларда MacBook Neo компьютерін пайдалану сізді алаңдатып, қауіпті жағдай тудыруы мүмкін. Құрылғылар мен құлаққаптарды пайдалануға тыйым салатын немесе шектейтін ережелерді сақтаңыз.
Радио жиілік әсері. MacBook Neo сымсыз желілерге қосылу үшін радио сигналдарды пайдаланады. Радио сигналдардан туындаған радио жиілік (РЖ) энергиясы және әсерді азайту үшін орындауға болатын қадамдар туралы ақпарат алу үшін RF Exposure бөліміне өтіңіз.
Медициналық құрылғы кедергісі. MacBook Neo магниттерді, сонымен қатар электромагниттік өрістерді шығаратын компоненттер мен радиоларды қамтиды. Бұл магниттер мен электромагниттік өрістер медициналық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін. Медициналық құрылғыңызға арналған ақпарат және медициналық құрылғыңыз бен MacBook Neo компьютерінің арасында қауіпсіз бөлу қашықтығын сақтау қеректігіңіз туралы дәрігеріңізден және медициналық құрылғы өндірушісінен кеңес алыңыз. Өндірушілер ықтимал интерференцияны болдырмау үшін өздерінің құрылғыларын сымсыз немесе магниттік өнімдердің айналасында қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстарды жиі береді. MacBook Neo компьютері медициналық құрылғыңызға кедергі келтіріп жатыр деп күдіктенсеңіз, MacBook Neo компьютерін пайдалануды тоқтатыңыз. Имплантталған кардиостимуляторлар мен дефибрилляторлар сияқты медициналық құрылғылар жақын байланыста кезде магниттер мен радиоларға жауап беретін сенсорларды қамтуы мүмкін. Бұл құрылғыларымен қандай да бір ықтимал өзара әрекеттесулерді болдырмау үшін MacBook Neo компьютеріңізді құрылғыңыздан қауіпсіз қашықтықта алыс ұстаңыз (6 дюймнен / 15 см-ден көп, бірақ нақты нұсқаулар үшін дәрігеріңізбен және құрылғыңыздың өндірушісімен кеңесіңіз).
Аурулар. MacBook Neo компьютерін пайдалану арқылы әсерленеді деп ойлайтын ауруларыңыз болса (мысалы, ұстамалы аурулар, құлақ естімеу, көздің шаршауы немесе бас ауру), MacBook Neo компьютерін пайдаланбастан бұрын дәрігерге қаралыңыз.
Қайталанатын қимыл. MacBook Neo компьютерінде теру немесе ойындар ойнау сияқты қайталанатын әрекеттерді орындағанда, қолдарыңызда, білектеріңізде, білезіктеріңізде, иықтарыңызда, мойныңызда немесе денеңіздің басқа бөліктерінде қолайсыздықты сезінуіңіз мүмкін. Қолайсыздықты сезінсеңіз, MacBook Neo компьютерін пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
Тұншығу қаупі. Кейбір MacBook Neo керек-жарақтары кішкентай балаларға тұншығу қаупін төндіруі мүмкін. Бұл керек-жарақтарды кішкентай балалардан алыс сақтаңыз.
Маңыздылығы жоғары әрекеттер. MacBook Neo компьютердің ақаулығы өлімге, адамның жарақаттануына немесе қатты қоршаған орта зақымына әкелуі мүмкін жерлерде пайдалануға арналмаған.
Жарылғыш және басқа атмосфералық жағдайлар. MacBook Neo компьютеріңізді ықтимал жарылысқа қауіпті орталарда—әсіресе жанғыш химиялық заттардың, газдардың немесе бөлшектердің (дән, шаң немесе металл ұнтақтары сияқты) жоғары мөлшері бар аймақтарда пайдалану қауіпті болуы мүмкін. MacBook Neo компьютерін өндірістік химиялық заттардың жоғары концентрациясы бар орталарға, соның ішінде гелий сияқты буланған, сұйытылған газдар бар жерлерге қою MacBook Neo компьютерінің функционалдығын зақымдауы немесе нашарлатуы мүмкін. Барлық таңбалар мен нұсқауларға жүгініңіз.
Австралиялық клиенттер үшін Электрондық қауіпсіздік ресурстары веб-сайтын қараңыз.