Mac компьютеріңізде Apple Pay қызметін пайдалану
Mac Pro компьютеріндегі Apple Pay қызметін пайдаланып веб-тораптарда оңай, қауіпсіз және жеке сауда жасай аласыз. Apple Pay қызметімен Apple Card картаңыздың және басқа несие немесе дебет картаңыздың ақпаратын Apple корпорациясы ешқашан сақтамайды немесе сатушымен бөліспейді. Safari шолғышын пайдаланып онлайн дүкен аралағанда Apple Pay есептесу параметрін іздеңіз. Төлемді iPhone немесе Apple Watch құрылғыңызды пайдаланып растаңыз.
Ескертпе: Apple Pay және Apple Card барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. Apple Pay туралы ақпарат алу үшін Cashless made effortless торабына өтіңіз. Ағымдағы карта шығарушылары туралы ақпаратты Apple Pay қатысушы банктері атты Apple Support мақаласынан қараңыз. Apple Card туралы ақпаратты Apple Card қолдауы бөлімінен қараңыз.
Apple Pay қызметін орнатыңыз. Apple Pay қызметі iPhone немесе Apple Watch құрылғыңызда орнатылып қойған Apple Card картасын немесе басқа несие немесе дебет карталарын пайдаланады, сондықтан ешқандай қосымша орнату қажет емес. Apple Pay қызметі орнатылған iPhone немесе Apple Watch құрылғысына Mac Pro компьютеріңізде пайдаланатын бірдей Apple ID идентификаторыңызбен кіруіңіз керек. iPhone немесе Apple Watch құрылғысында орнатылған әдепкі төлем картасы, жеткізу және контакт ақпараты Mac компьютеріндегі сатып алулар үшін пайдаланылады.
iPhone немесе Apple Watch құрылғысымен сауда жасаңыз. Веб-тораптағы Apple Pay түймесін басыңыз, одан кейін төлемді растау үшін iPhone құрылғысындағы Face ID, Touch ID идентификаторын немесе құпия кодты пайдаланыңыз, не болмаса, құлпы ашылған Apple Watch құрылғысындағы бүйірлік түймені екі рет басыңыз. Mac Pro компьютеріңізде пайдаланатын бірдей Apple ID идентификаторыңызбен орнатылған Apple Pay қолданбасы бар iPhone немесе Apple Watch құрылғысына кіруіңіз керек.
Ескертпе: Mac Pro компьютеріңізді бірінші рет іске қосқанда Apple Pay қызметін орнатуды таңдамасаңыз, оны кейін System Preferences терезесінің Wallet & Apple Pay тақтасында орната аласыз. Онда Apple Card картаңызды және басқа төлем карталарыңызды басқарыңыз—карталар қосыңыз немесе жойыңыз және байланыс ақпаратына жаңартулар енгізіңіз.
Қосымша мәліметтер. Apple Pay қызметін орнату, Apple Pay қызметін пайдалану жолы және Apple Pay қызметімен пайдаланатын карталарыңызды басқару атты Apple Support мақалаларын қараңыз.