Mac компьютеріңіз туралы жалпы сұрақтар
Mac Pro компьютеріме қолдауды қалай аламын? Mac Pro Support бөліміне өтіңіз.
Мен Mac компьютерін бірінші рет пайдаланып тұрмын. Компьютер пайдаланушылары үшін кеңестер бар ма? Иә! Windows ауысқыштары үшін Mac кеңестері атты Apple Support мақаласын қараңыз. Mac Basics жылдам туры бөлімін қараңыз. Сондай-ақ, сізді Mac компьютеріңіздегі пернетақта тіркесімдері бөлімі қызықтыруы мүмкін.
Mac компьютерінде скриншотты қалай түсіремін? Бүкіл экранның скриншотын түсіру үшін Command-Shift-3 пернелер тіркесімін басыңыз. Экранның таңдалған аймағының скриншотын түсіру үшін Command-Shift-4 пернелер тіркесімін басыңыз. Қосымша мәліметтер алу үшін Mac компьютеріңізде скриншот түсіру бөлімін қараңыз.
Сериялық нөмірім қайда? Apple мәзірі > About This Mac тармағын таңдаңыз. Сериялық нөмір — тізімдегі соңғы элемент.
Mac Pro компьютерім үшін құжатты қалай табуыма болады? Mac Pro негіздері нұсқаулығын табу үшін Apple мәзірі > About This Mac тармағын таңдаңыз, Support қойындысын басыңыз, одан кейін User Manual түймесін басыңыз. Support қойындысынан операциялық жүйенің пайдаланушы нұсқаулығын ашу үшін «macOS Help» түймесін басуыңызға да болады. Mac компьютерінің ескі үлгілері үшін Өнім бойынша нұсқаулықтарды шолу бөлімін қараңыз.
Қолданба анықтамасын қалай аламын? Қолданбаны пайдалану кезінде экранның жоғарғы жағындағы мәзір жолағында Help мәзірін басыңыз.
Mac Pro компьютерім үшін қауіпсіздік ақпараты қайда? Mac компьютеріңіз үшін маңызды қауіпсіздік ақпараты бөлімін қараңыз.
Техникалық деректерді қалай табуға болады? Apple мәзірі > About This Mac тармағын таңдаңыз және жоғарыдағы түймелерді басыңыз.
Дискімдегі проблемаларды қалай тексеремін? Disk Utility қызметтік бағдарламасын пайдаланыңыз. Disk Utility қызметтік бағдарламасының пайдаланушы нұсқаулығындағы Mac компьютеріндегі Disk Utility қызметтік бағдарламасында сақтау құрылғысын жөндеу бөлімін қараңыз.
Mac компьютерімді сатпастан немесе қайта өткізбестен бұрын не істеуім керек? Деректеріңізді сақтық көшірмелеңіз, одан кейін Mac компьютеріңізді зауыттық параметрлерге қалпына келтіріңіз. Mac компьютеріңізді сату, біреуге беру немесе қайта тапсыру алдында орындалатын әрекеттер бөлімін қараңыз.