Mac Pro компьютеріңіздегі жаңа мүмкіндіктер
macOS Big Sur жүйесі Apple құрылғыларында жақынырақ біріктірулі болатын етіп жасақталған Mac жұмыс үстеліңіздің жаңа көрінісін таныстырады. Жаңа дизайн жартылай мөлдір тақтаны және мазір жолағын, жаңартылған, бірақ әлі де таныс белгішелерді және кеңірек мәзірлерді қамтиды. Қолданбаларды пайдалануды бұрынғыдан да оңайлатуға арналған толық биіктікті бүйірлік жолақтар мен кірістірілген құралдар тақтасының түймелері. Хабарландыру немесе ескерту алу кезінде еститін дыбыстарыңыз да жаңартылған.
Жаңа дизайн шарлауды бұрынғыдан да оңайлатады және мына мүмкіндіктермен көбірек басқару мүмкіндігін береді:
Control Center: Жаңа Control Center терезесі барлық таңдаулы мәзір жолағы элементтеріңізді бір орынға қояды, сонда ең көп пайдаланатын басқару элементтеріңіз бен теңшелімдеріңізге жылдам қатынай аласыз (мысалы, Wi-Fi, AirDrop және Bluetooth). Mac компьютеріңіздегі Control Center терезесі бөлімін қараңыз.
Notification Center: Қайта жасақталған Notification Center терезесі хабарландыруыңыз бен виджеттеріңізді бір бағанда көрсетеді. Көретін виджеттеріңізді теңшеуіңізге және хабарландыруларыңызбен өзара әрекеттесуіңізге болады (мысалы, электрондық поштаға жауап беру). Weather виджеті бұрынғыдан да дәл және қолайсыз ауа райын немесе елеулі өзгерістер туралы ескертеді. Mac компьютеріңіздегі Notification Center терезесі бөлімін қараңыз.
Қайта жасақталған көрініс пен қолданысқа қоса, macOS Big Sur жүйесі негізгі қолданбаларға басты жақсартуларды қамтиды:
Safari: Safari шолғышына оның 2003 жылғы бастапқы іске қосуынан бергі жасалған ең үлкен жаңартуындағы жылдам жекелендірілген шолу тәжірибесін пайдаланыңыз. Жаңа теңшелетін бастау бетімен шолу тәжірибеңізді жеке етіңіз және App Store дүкенінен көптеген қосымша кеңейтімдерді табыңыз. Қойындылардағы толығымен жаңа Favicons көмегімен және үстіне меңзерді апарғанда пайда болатын қойындының алдын ала қарау көріністерімен оңай шарлаңыз. Жеті қолдау көрсетілген тіл арасында веб-беттерді жылдам аудару (бета) үшін аудару белгішесін басыңыз. Safari шолғышында оның сіз шолған түрлі веб-тораптарда құпиялылығыңызды қорғау жолын көрсететін жаңа құпиялылық есебі де бар. Дүние жүзінің ең жылдам жұмыс үстелі шолғышы болып табылатын Safari шолғышы Chrome немесе Firefox шолғышына қарағанда жылдам шолуды және ұзақ батарея қызметін қамтамасыз етеді. Safari бөлімін қараңыз.
Maps: Жаңа жіті сұрыпталған нұсқаулықтар тамақтану, дүкен аралау және орында қыдыру үшін ең жақсы орындарды табуыңызға көмектеседі—керек десеңіз, өзіңіздің жеке нұсқаулықтарыңызды жасауыңызға болады. Таңдаулы қалалардың көшелері арқылы интерактивті 3D турын алу үшін Look Around параметрін пайдаланыңыз. Ал енді жоғарылау мен кедергі көрсеткіштерін беретін велосипед айдау жолын немесе зарядтау аялдамаларымен және уақыт шамаларымен толықтырылған электрлік көлікке арналған жолды жоспарлауыңызға болады. Ішкі карталар үлкен әуежайлар мен сауда орталықтары үшін қолжетімді, сондықтан мейрамханаларды, демалыс бөлмелері мен дүкендерді оңай таба аласыз. Maps бөлімін қараңыз.
Messages: Жаңа құралдар экспрессивті хабарларды бөлісуді және топтық сөйлесулеріңізді басқаруды оңайлатады. Жаңа Message әсерлерімен хабарларыңызды шарлармен, конфеттимен және т.б. жекелендіре аласыз. Көңіл-күйіңіз бен болмысыңызға сәйкес келетін Memoji стикерін қосыңыз және Mac компьютеріндегі Memoji өңдегішімен жаңаларын жасаңыз. Трендтегі GIF суреттерін немесе фотосуреттер кітапханаңыздан алынған суреттерді #images хэштегімен және жаңа фотосурет таңдау құралымен бұрынғыдан да жылдам бөлісе аласыз. Жаңа топтық хабар алмасу мүмкіндіктері жанұямен, достармен және әріптестермен байланыста болуды жеңілдетеді. Тез қатынау үшін таңдаулы сөйлесулерді хабарлар тізіміңіздің жоғарғы жағына бекітіңіз. Хабарға тікелей жауап беру үшін кірістірілген жауаптарды пайдаланыңыз және хабарды топтық сөйлесудегі адамға жай ғана оның атын теру арқылы жіберіңіз. Топтық сөйлесу үшін фотосурет немесе эмодзи орнатыңыз, сонда ол топтың барлық мүшелерімен бөлісіледі. Messages бөлімін қараңыз.
macOS Big Sur сонымен қатар бар мүмкіндіктерге мына жаңа мүмкіндіктер мен жақсартуларды қамтамасыз етеді:
AirPods: AirPods бірдей iCloud тіркелгісіне жұпталған белсенді құрылғылар арасында жатық ауысады, AirPods құлақаспаптарыңызды Apple құрылғыларыңызбен пайдалануы бұрынғыдан да оңайлатады. Mac компьютеріңізде дыбысты басқа құрылғыдан ауыстыру үшін хабарландыруды басуыңызға болады. Құрылғыны ауыстыру AirPods Pro, AirPods (2-буын), Powerbeats, Powerbeats Pro және Beats Solo Pro құралдарымен жұмыс істейді. iOS жүйесінің ең соңғы нұсқасы бар iPhone немесе iPod құрылғысын; iPadOS жүйесінің ең соңғы нұсқасы бар iPad құрылғысын; немесе macOS жүйесінің ең соңғы нұсқасы бар Mac компьютерін талап етеді.
Apple Arcade: Game Center достарыңыздың қандай ойындарды ойнап жатқанын тікелей Arcade қойындысынан көріңіз және ойын беттерінде жетістіктеріңіз бен мақсаттарыңызды қараңыз. Game Center терезесі енді ойын ішіндегі бақылау тақтасын қамтиды, сондықтан өзіңіздің және достарыңыздың прогресін бір қарағаннан көре аласыз. App Store бөлімін қараңыз.
Family Sharing: Жақсартылған жанұя параметрлерінің пайдаланушы интерфейсі жанұя мүшелеріне жанұяңыздың орнатылу жолына қарай анықтық пен басқаруды қамтамасыз етеді. Жанұяңызды орнату, жаңа мүшелер қосу және жанұяңыздың мәліметтерін басқару бұрынғыдан да оңай. Family Sharing туралы қосымша мәліметтерді iCloud мазмұныңызға Mac компьютеріңізден қатынау және Mac компьютеріндегі Apple Account бөлімдерінен қараңыз.
Home: Home қолданбасында бірнеше жақсартулар бар, соның ішінде назарыңызды талап ететін немесе бөлісетін маңызды күй өзгерістері бар қосалқы құралдардың жиынтығы бар визуалды күй аймағы, есік қоңыраулары мен бейне камералары үшін Face Recognition және Activity Zones функциялары және смарт шамдар үшін Adaptive Lighting мүмкіндігі. Home бөлімін қараңыз.
Listen Now: Music және Podcasts қолданбаларында Listen Now қойындысы қалауларыңызды үйренеді (сүйікті әншілер, сұхбаттар, микстер, подкастілер) және тыңдайтын нәрсеңізге негізделген ұсыныстарды береді. Podcasts қолданбасы фокусталған Up Next тізімін қамтиды, сондықтан кезегіңіздегі келесі эпизодқа оңай өте аласыз. Music және Podcasts бөлімдерін қараңыз.
Notes: Жаңа мәтін мәнерлері жазбаларыңыз үшін бұрынғыдан да көп пішімдеу параметрлерін береді. iPhone құрылғысында жақсартылған сканерлеу өткір скандарды түсіруіңізге көмектеседі және оларды бірден пайдалану үшін Mac компьютеріңізге автоматты түрде тасымалдайды. Notes бөлімін қараңыз.
Photos: Бейне мен фотосуретті өңдеу мүмкіндіктер фильтрлермен, арнайы әсерлермен және т.б. кеңейтілген. Фотосуреттерді нақтырақ өңдеуіңізге және фотосуреттер мен бейнелерге жазбалар қосуыңызға болады. Memories альбомына жақсартулар фильмдер мен бейнені тұрақтандыру үшін көбірек музыка тректерін қамтиды. Photos бөлімін қараңыз.
Reminders: Тапсырмаларды бөліңіз және еске салғыштарыңызды жаңа жолдарда пайдалану бойынша пайдалы ұсыныстар алыңыз. Еске салғыштарды тізімдерді бөліскен адамдарыңызға тағайындаңыз, сонда олар хабарландыру алады. Сондай-ақ, пайдалы ұсыныстарға бұрын жасаған ұқсас еске салғыштарыңызға негізделген еске салғыш жасауыңызға көмектесуге рұқсат етуіңізге болады. Mail қызметінде біреумен хат алмасып отырсаңыз, Siri ықтимал еске салғыштарды таниды және оларды жасау үшін сізге ұсыныстар жасайды. Одан кейін қажетті еске салғышыңызды жылдам табу үшін жаңа пернетақта тіркесімдерін пайдаланыңыз. Reminders бөлімін қараңыз.
Бағдарламалық жасақтама жаңартулары: macOS Big Sur жүйесімен бағдарламалық жасақтама жаңартулары фонда басталады және бұрынғыдан жылдамырақ аяқталады—сондықтан Mac компьютеріңізді жаңа жәна қауіпсіз сақтау оңай.
Spotlight: Spotlight бұрынғыдан да жылдам. Ол енді теріп жатқаныңызда басты іздеу нәтижелерін және ұсынысты тұрақты көрсетеді—осылайша жоғары сапалы ұсыныстарға қатынауды бұрынғыдан да жылдамдатады. Spotlight технологиясы Safari, Pages, Keynote және т.б. сияқты қолданбалар үшін Find мәзірлерінде де пайдаланылады. Mac компьютеріңіздегі Spotlight бөлімін қараңыз.
Voice Memos: Voice Memos жазбаларыңызды ұйымдасқан күйде сақтауыңызға көмектесу үшін қалталар қосыңыз. Жазбаларды Favorites ретінде оңай белгілеңіз, сонда оларға кейінірек жылдам қатынай аласыз. Фондық шуды бір басумен автоматты түрде азайту арқылы Voice Memos жазбаларыңызды бір қадам алға жылжытыңыз. (Сыртқы микрофонды талап етеді. Қосалқы құралдар apple.com торабында, жергілікті Apple Store дүкенінде немесе басқа делдалдарда бөлек сатылады.) Voice Memos бөлімін қараңыз.