iPhone құрылғысында Қарапайым режиммен «Лупа» қолданбасын баптау және пайдалану
iPhone құрылғысында Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам «Лупа»
қолданбасын мәтін мен айналасындағы заттарды үлкейтіп көру үшін пайдалана алады. «Лупа» қолданбасын Қарапайым режимді баптау кезінде немесе кейін кез келген уақытта қосуға болады.

«Лупа» қолданбасын қосу
Белсенді болса, Қарапайым режимнен шығыңыз.
«Реттеулер» қолданбасына
өтіңіз.«Әмбебап қол жеткізу» түймесін, одан кейін «Қарапайым режим» түймесін түртіңіз.
«Қолданбаларды басқару» түймесін түртіңіз, одан кейін «Лупа» түймесінің жанындағы
түймесін түртіңіз.
iPhone құрылғысын лупа сияқты пайдалану
Белсенді болмаса, Қарапайым режимге кіріңіз, одан кейін «Лупа» қолданбасына
өтіңіз.iPhone камерасын маңайдағы бір затқа немесе мәтінге қаратыңыз.
«Ұлғайту» немесе «Кішірейту» түймесін түртіңіз.
Қарапайым режимдегі кез келген экранда Қарапайым режимді пайдаланып отырған адам алдыңғы экранға оралу үшін «Артқа» түймесін әрқашан түрте алады.