MacBook Pro негіздері
Жаңа Mac компьютеріңізді қарау
MacBook Pro компьютерінің порттарына, қосқыштарына, қосалқы құралдары мен басқа мүмкіндіктеріне жылдам кіріспені алыңыз.
Жұмысты бастағыңыз келеді ме?
MacBook Pro компьютеріңізді қақпағын ашу немесе оны қуат көзіне қосу, не болмаса кез келген пернені басу арқылы іске қосыңыз. Setup Assistant нұсқауларын орындаңыз, сонымен болды, жұмыс істей бересіз.
Үндестірген күйде болыңыз
iCloud қызметімен құжаттарға, фотосуреттерге және т.б барлық құрылғыларыңыздан қатынаңыз. Және MacBook Pro компьютеріңізді iOS және iPadOS құрылғыларыңызбен телефон қоңырауларын шалу және қабылдау, құрылғылар арасында көшіру және қою немесе Instant Hotspot жасау үшін пайдаланыңыз.
MacBook Pro компьютеріңізді iCloud қызметімен және Continuity мүмкіндігімен пайдалану
Шығармашылыққа ерік беріңіз
MacBook Pro компьютеріңіз орындағыңыз келетін барлық нәрселерге арналған қолданбалармен келеді. Фотосуреттеріңізді өңдеңіз және бөлісіңіз. Музыканы, кітаптарды, фильмдерді және т.б. тамашалаңыз. Көрсетілімдер жасаңыз. Және App Store дүкенінде жаңа қолданбаларды табыңыз.
Mac компьютеріңізбен берілген қолданбалар туралы мәліметер алу
Жаңа мүмкіндіктерді табыңыз
macOS жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер, қосылған қолданбалар және MacBook Pro компьютеріңіз туралы ақпарат алыңыз.
MacBook Pro негіздері нұсқаулығын шолу үшін беттің жоғарғы жағындағы Table of Contents түймесін басыңыз. Нұсқаулықты Apple Books қызметінен (қолжетімді жерде) жүктеп алуыңызға да болады.
Көбірек көмек керек болса, MacBook Pro Support веб-торабына кіріңіз.